Кәсіподақ өкілдері түбек теміржолшыларының жұмыс жағдайымен танысты

Әлеумет
18.11.2022, 09:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауға Астанадан арнайы келген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов пен еңбек қорғау инспекторы Қайрат Мұқанов түбек теміржолшыларымен кездесіп, олардың жұмыс жағдайымен, әлеуметтік мәселелерімен танысты.

Орталық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов келген меймандарды Бейнеу, Шетпе, Сай-Өтес станциясындағы теміржолшылармен кездесуге жағдай жасады. Сала жұмысшылары басқосуда әртүрлі мәселелер көтеріп, ұсыныс-пікірлер айтты. Өз кезегінде Жұпарбек Сәбитов теміржолшыларға 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың талап-шарттарымен таныстырды. Көкейде жүрген мәселелер болса, ортаға салуын айтты. Ресми кездесуден соң жұмыс орындарына барып, ондағы еңбек жағдайына қанықты. Сай-Өтес станциясында кейбір жұмыс орындарында теміржолшылардың табельдік орын-жайы ескіргенін көріп, бұл мәселе ескерілетінін жеткізді.

– Компания басшылығына жасаған еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі осы жылғы қыркүйектегі өтініштеріңіз жұмыс беруші және кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен екіжақты талқыланды. Жұмыс беруші тарап барлық мәселе қаржыға тірелетінін, сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешу қиындық туғызатынын атап өтті. Бірақ еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған техникаларды жаңарту, жылыну будкаларын салу сияқты жұмыстар таяу уақытта басталатынын жеткізді. Өткен жолғы еңбек дауы мәселесі заңды түрде талқыланып, ішінара талаптарыңыз орындалды. Қойып отырған кейбір талаптарыңыз орынды. Дегенмен, барлық талаптың бір күнде шешіле қалуы мүмкін емес. Оларды шешу үшін Компания мамандары перспективалық жоспарлы жұмыстарды қарастырады, қатты шығынға батпау жолдарын іздейді. Яғни, өзгерістер енгізу – сатылап атқарылатын жұмыс, – деп еңбек дауына қатысты түсінік берді Жұпарбек Сәбитов.  

Бейнеу жол дистанциясы жұмысшылары атынан сөз алған А.Құлбаев: «Кәсіподақ басшыларымен кездесудегі мақсатымыз – Басқарма басшысына жеткізген талаптарымыз бен ойда жүрген басқа да мәселелерді Ұжымдық шартқа қосымша ретінде қосуға ықпал жасау», – деді.  

Бейнеу жол дистанциясы теміржолшылары алға тартып отырған ұсыныс-талаптар ішінде елдімекеннен тыс жұмыс істейтіндерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету немесе қаржылай төлеу, кейбір мерекелерде арнайы сыйақы төлеу, ипотекалық тұрғын үй алуда компания қызметкерлері үшін жеңілдіктер жасалуына банктермен келісімшарт жасау, арнайы киімдердің сапасын жақсарту, баланың мектепке баруына орай кейбір санаттағы ата-аналарға берілетін 2АЕК мөлшерін көтеріп, соны 3 және одан көп бала деп шектемей, 1 баладан бастап беру, жаңажылдық сыйлықты барлық жұмысшыға беру, бірнеше баласы студент, айлық табысы жеткіліксіз отбасыларға қаржылай көмек қарастыру, еңбекақыны көтеру жөніндегі мәселелер бар екен.  

Дистанцияның М.Қожбанов есімді тағы бір қызметкері еңбек жағдайын жақсарту мәселесін көтерді. Ол арнайы киім, құрал-сайман, басқа да жұмысқа қажетті дүниелердің сапасын сынға алып, дистанция бойынша барлық учаскедегі табельдік орын-жай, қойма, гараждар қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілмегенін, қолданыстағылардың тозығы жеткенін алға тартты.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті