Жаңа жыл балалар ертеңгілігімен басталды

Әлеумет
27.12.2022, 11:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда бөлімшесі бойынша биылғы Жаңа жыл балалар ертеңгілігімен басталды. Қоян жылын қарсы алуға асыққан бүлдіршіндер жасыл шырша жанында Аяз ата мен Қаршақызды қарсы алып, тәттіге қарық болды.

Кәсіподақ ұйымдарының атсалысуымен әр балаға қапшық толы сыйлық берілді. Жалпы бөлімше бойынша биыл мың данадан астам сыйлық әзірленіп, балаларға үлестірілуде. Ең көбі Қызылорда ЖТ қосалқы бөліміне қарасты мекемелерге 310 дана, Қазалы вагон пайдалану депосына 210 дана, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне 200 дана жаңажылдық сыйлық әзірленген екен. Ал аймақтағы станция-бекетте тұратын теміржолшылардың балаларына арналған сыйлықтар алдын ала жөнелтілген. Кейбір мекемелерде сыйқапшықпен қоса ертегі, анимациялық фильмдер үшін билеттер ұсынылған.  

Бүгін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында балаларға арналған шырша тойы. Ұйымдастырушылардың бірі – «Жасыл шырша» образында киінген дистанция кәсіподағы төрайымы Ғалия Қожахметова бүлдіршіндермен бірге шыршаны айналып ән салып, мерекенің ортасында жүр. Аяз ата мен Ақшақардың қолынан сыйлық алған балалар мәз-мейрам.  

– Теміржолшыларымыздың балалары үшін жаңажылдық таңертеңгілік ұйымдастыруды жөн санадық. Балалар үшін шырша тойы, Аяз ата болуы керек деп шештік. Одан бөлек дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы тарапынан әр балаға арнайы әзірлеген сыйлығымыз бар, – деді Ғалия Қожахметова.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды