Кәсіподақ өкілдері теміржолшылармен кездесу өткізуде

Әлеумет
28.02.2023, 09:31
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

 

 

Теміржолшы мен жұмыс берушінің арасында жасалған Ұжымдық келісім шартта көрсетілген баптардың орындалу деңгейіне көз жеткізу, одан бөлек теміржолшылардың талап-тілектерін тыңдап, күрмеулі мәселелер болса, оның себеп-салдарын анықтап, тиісті органдар арқылы жергілікті жерде шешуге ықпал ету үшін кәсіподақ өкілдері ел аралап жүр.

Құрамында «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, ҚБ орталық кеңесінің Экономикалық сұрақтар жөніндегі бас эксперті Алмагүл Еримова, заңгер Назира Кошкумбаева, бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов пен «Медикер» медициналық орталығының өкілі бар топ Сыр өңіріне келді. Аймаққа табан тіреген бойы алғашқы жұмысты бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл, Қазалы станцияларындағы еңбек ұжымдарымен кездесуден бастаған кәсіподақ өкілдері Сексеуіл-Қоскөл жаңа теліміндегі Қарашеген станциясына дейін барып, жергілікті теміржолшылардың ахуалын көздерімен көріп қайтты. Жұмысшы топ әсіресе теміржолшылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, еңбек қорғау талаптарының сақталуы сынды мәселелерге назар аударды. Мысалы, кейбір станциялар мен бекеттердегі модульді тұрғын үйлердің жай-күйіне қатысты сын айтылды. Сексеуіл станциясында өткен алғашқы жиынға жергілікті теміржолшылар көп жиналды.  

– Мен Қызылорда өңіріне үшінші мәрте келіп отырмын. Ең алғаш келген кезіммен салыстырғанда теміржолшылардың жағдайы көш ілгерілеген деп айта алам. Дегенмен, сын тезіне ілігіп, жедел қолға алатын мәселе болмай қалмады. Жұмысшы халыққа керегі, ең алдымен жалақысы отбасын асырауға жетіп, әлеуметтік тұрғыда қорғалса дейді. Біздің де көздеген мақсатымыз осы, елдегі халықтың тиісті көмекті алып, жұмыс орындары жайлы, жылы болып, барлық қажеттілікпен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу. Сондай-ақ, заңдық-құқықтық және әлеуметтік мәселелерге қатысты жұмысшы топ құрамындағы мамандар халыққа жан-жақты кеңес берді, – деді «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.  

Ұжымдық шартта көрсетілген баптардың іске асырылуын көзбен көріп, көңілге тоқып, аймақтағы бекеттерді аралап шыққан жұмыс тобының негізгі мақсаты кем-кетікті сынау емес, көмек қолын созып көмектесу, кеңес беру, түсіндіру, қордаланған жағдай болса, оңтайлы шешілуіне атсалысу екенін жеткізген Жұпарбек Абзалбекұлы алдағы наурыз айынан бастап еңбекақы тағы өсетінін, мерекелерге байланысты сыйақы берілетінін айтып, теміржолшыларды қуантты.  

Жұмыс тобымен кездесу барысында теміржолшылар тарапынан медициналық қызметке байланысты сын көп айтылғандықтан жұмыс тобының Қызылорда станциясында өткен кезекті кездесуіне Медикер компаниясының жергілікті өкілдігінен дәрігерлер жиынға арнайы шақырылды. Медикердің «Өндіріс» медициналық орталығы директоры Сұлтанбек Кенжебаев, орталықтың дәрігерлері Ғалия Нұрмақова, Әсемгүл Махамбетова мен еңбек қорғау инспекторлары көпшіліктің түрлі сауалына жауап берді.  

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты