Кәсіподақ есеп берді

Әлеумет
07.03.2023, 09:20
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының конференциясында өткен жылғы жұмысы туралы есебі мен ұжымдық шарттың орындалуы қаралды. Сонымен қатар өткен жылғы кәсіподақ жарнасының жұмсалуы бойынша тексеру комиссиясының баяндамасы тыңдалды.

Бүгінде кәсіподақ ұйымына мүше теміржолшылар саны 1893 адам. Онда 9 өндірістік кеңес, 10 техникалық инспектор, 17 цехтық, 20 топтық кәсіподақ ұйымы жұмысшылар мүддесі үшін қызмет етуде. Жиын барысында белгілі болған жақсы жаңалықтардың бірі аталған мерзім ішінде жұмысшылардың бірде-бірі жұмыстан қысқартылмағанын және жұмысшылардың тарифтік мөлшерлемесі біржолғы көтерумен теңестірілгенін ерекше атап өтуге болады. Яғни төмен жалақы алатын қызметкерлердің табысы айтарлықтай өскен. 2-9 разряд аралығындағы жұмысшылардың жалақысы 40 мың теңгеге, 10-13 разряд аралығында 35 мың теңгеге, ал 14-19 разрядтар үшін 30 мың теңгеге көбейген. Жұмыс өтіліне байланысты қызметтік жалақы мөлшері қайта қаралып, жұмысшылардың жалақылары қайта есептелген. Былтырғы 1 шілдеден және 15 қазаннан бастап, бұрыннан қалыптасқан аймақтық «учаскелік» коэффиценттен облыстық коэффицентке сатылы түрде өткізілген. Нақтылай түскенде бір облыс ішінде бірыңғай аймақтық коэффицент қолданылатын болған.  

Жұмысшылар игілігі үшін жүзеге асырылған осындай әлеуметтік маңызы ерекше мәселелер жайын қозғаған кәсіподақ төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов осы мерзім ішінде ұжымдық шарттың орындалысын бақылап, жұмысшылардың өтінішін, талап-тілектері жүзеге асуы үшін мүмкіндікке сай жұмыс істегендерін атап өтті.  

– Ұжымдық шарттың орындалуы, еңбек заңдылықтарының сақталуы, еңбек қорғаудың ұйымдастырылуы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағынан қорғалуы басты назарда ұсталды. Оның ішінде үлкен цехтық ұйымдар мен топтық кәсіподақ ұйымдары, сондай-ақ ұжымдық шарт міндеттерін мінсіз орындауы тиіс кадр, есеп, экономика бөлімдерінің жұмысы комитет бекіткен жылдық жоспарға сай тыңдалып келді. Комитет жыл сайын шағын станция мен бекеттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жайлы анықтама-талдау дайындап, орындалысы туралы тиісті орындарға жеткізіп келеді. Жалпы кәсіподақ комитеті жұмысшылардың уақытылы еңбек демалысына шығуын, жеке еңбек шартының бұзылмауын, тәртіптік шараның орынды берілуін қадағалайтыны белгілі. Рас, 2022 жылы жұмысшылардың уақытылы еңбек демалысына шығуында өндірістік жұмысқа орай ауытқушылықтар кездесті, ол уақытында қаперге алынды. Жұмысшы-қызметкерлерге де қолданылатын тәртіптік шараның заң шеңберінде берілгені қадағаланды, – деді өз сөзінде кәсіподақ жетекшісі.  

Өткен жылы бөлімшенің жалпы шаруашылық шығыны 272 млн теңгені құраған. Олар балалар лагеріне жолдама үшін, жұмысшылардың теміржол көлігіндегі жол жүру шығыны, 8 наурыз мерекесіне орай қыз-келіншектерге біржолғы сыйақыға, мерейлі жасқа толған теміржолшыларға салалық жәрдемақы үшін, ерте зейнетке шығу төлемақысы, сауықтыру шипажайлары мен балалы болғандарға, үйленгендерге, зейнеткерлер мен мүгедек жандарға, қайтыс болғанда берілетін жәрдемақы, т.б. жұмсалған.  

Аймақтағы жұмысшылар еңбек қорғау бойынша көрнекі құралдармен, радиостанциялармен, жұмыс орындарында салқындатқыш, жылытқыш, қысқатолқынды пеш, электр шәйнектері секілді жабдықтармен және жеке қорғау құралдарымен, арнайы жұмыс киімдерімен мүмкіндігінше қамтылған. Сонымен қатар есептік кезең ішінде кәсіподақ ұйымы шалғай, шағын станция, бекеттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жөнінде анықтап, талдау жасаған. Бұл бағытта кейбір шешімін күткен әлеуметтік-тұрмыстық, өндірістік мәселелер Орталық Кеңеске жолданып, оң нәтижеге қол жеткізілген. Айта кетсек, бастауыш мектебі ғана бар №10 бекетте тұратын теміржолшылардың СайӨтес станциясындағы мектепке қатынайтын балалары үшін ай сайын Ұжымдық шартқа сәйкес жолақысы төленетін болған. Ал ауысыммен кезекшілікке келетін жұмысшылар мен Сай-Өтес мектебінде оқитын оқушылар үшін «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының тоқтап, ала кетуіне қол жеткізу – кәсіподақты алаңдатып отырған басты мәселелердің бірі. Бұл жайында тиісті орындарға хабарланып, шешімі күтілуде екен.  

– Сондай-ақ алдағы уақытта Болашақ станциясындағы теміржолшылардың тұрғын үйлерін жекешелендіруді жергілікті әкімшілікпен бірлесіп шешу, Жаңаөзен қаласынан теміржолшылардың жұмыс орнына жету үшін қоғамдық көліктің жоқтығы, т.б. мәселелер кәсіподақтың күн тәртібінде тұр, – дейді кәсіподақ төрағасы Ә.Тұрмағанбетов.  

Конференцияда айтылған басқа да ұсыныс-тілектер қаперге алынып, хаттамаға енгізілді. Жалпы кәсіподақ жұмысына оң баға берілді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті