Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Балаларды қорғау күніне орай тамаша мереке ұйымдастырылды.
Қала орталығындағы Т.Рысқұлов атындағы саябақта 100 шақты теміржолшының балалары жиналып, мерекені атап өтті. Балалар ертегі кейіпкерлерімен би билеп, ән салып, атракциондарда еркін демалды.

– Жалпы бөлімше бойынша бүгін төрт жүзге жуық балдырғанға мереке ұйымдастырылды. Пәк жүректі бала көңілін қуанту үшін осындай ауқымды шаралар әр жерде ұйымдастырылды. Ұмытылмастай кеш сыйлауға барымызды салдық, – дейіді Жамбыл бөлімшесі кәсіподақ ұйымы сарапшы маманы Серік Наурызбеков.

