Теміржолшылар үйі өртеніп кеткен әріптестеріне жәрдемдесті

Әлеумет
19.06.2023, 11:01
Оқуға 1 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар төтенше жағдайға душар болған әріптестерін жалғыз қалдырмай жанынан табылып, демеу бола білді.  

Аманкелді Кубенов басқаратын Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары дистанция басшылығының келісімімен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен әріптестері Қанапия Басаровқа қаржылай көмек берді.  

Баспанасы отқа оранып, жермен жексен болған әріптестерінің басына үйірілген бұлтты сейілту үшін дистациялықтар азаматтық танытты.

Маусым айының 10 күні түс ауа тұтанған өрт ауыздықталған, алайда 11 күні таңалакеуім уақытта қайта тұтанған. Көрші-қолаң, ағайынның көмегімен, өрт сөндірушілер жасағының арнайы тобымен тілсіз жау оқшауланып, жалын өшірілген. Осы жағдайдан құлағдар болған әріптестері кеңесе келе қолдан келген көмек жасауға кірісіп кетеді. Осылайша алғашқы көмек ретінде 500 мың теңге көлемінде көмек  берді.

Айтып келмейтін өрт апаты бір емес екі рет тұтанғандықтан өрт жалыны баспананың шатырын жалмап, төрт қабырға ғана қалған. Адам шығыны болмаған. Дегенмен шығын орнын толтырып баспанасын қайта тұрғызу үшін теміржолшы Қанапияға қандай да болсын көмек ауадай  қажет.  

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті