Теміржолшылар балалар үйіне көмек көрсетті

Әлеумет
03.07.2023, 11:00
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ ұйымының демеушілігімен «Үміт» балалар үйіне көмек көрсетті. Теміржолшылар арнайы тапсырыспен бөбектердің ойыншықтары мен танымдық оқулықтары жиналатын шкаф жасатып берді.  

Айта кетейік, қаладағы «Үміт» балалар үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған жүзден аса бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мемлекеттің қамқорлығына алынған. Тастанды сәбилердің дені – сал ауруына шалдыққан немесе түрлі туа бітті дерті бар, өздігінен жүріп-тұра алмайтын  балалар.

«Балалар үйі – теміржолшылар тұрақты көмек көрсететін әлеуметтік орталықтардың бірі. Мүмкіндік болса әр мереке сайын кішкентай сәбилерді қуантуға тырысамыз. Бұл жолы балаларға қажетті құралдары тұратын шкаф жасаттық», – деді кәсіподақ төрайымы Айша Қалағанова.  

Кәсіподақ ұйымдары тек сәбилер үйі ғана емес, қарттар мен мүгедектерге арналған әлеуметтік орталықпен де тұрақты байланыста. Өздерін де ұмытпай, мекемедегі көп балалы теміржолшылар мен тұрмысы төмен отбасыларға да тұрақты көмек көрсетеді.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды