Вокзал басындағы сауда-саттық тәртібі қаралды

Әлеумет
11.07.2023, 10:50
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор

Шымкент желілік полициясы Түлкібас станциясында кездесу өткізді. Полиция подполковнигі Нұрлан Қошқарбеков бастаған тәртіп сақшылары жергілікті халықпен және вокзал маңындағы сауда-саттықпен айналысатын жеке кәсіпкерлермен қоғамдық тәртіптің сақталуы жайлы сөз қозғады.

Кездесуге Түлкібас станциясы бастығы міндетін атқарушы Сералы Арманбетов, Түлкібас кентінің әкімі Бауыржан Жартыбаев, Түлкібас ауданының кәсіпкерлер палатасының басшысы Асылан Ибадуллаев арнайы шақырылып, қатыстырылды. Теміржол вокзалы қоғамдық орын болғандықтан қай кезде де қатаң бақыланады. Түлкібас станциясының теміржол вокзалы мегаполиске кірер қақпа болғандықтан халық тығыз қоныстанған, соған сай қозғалысы жиі, жергілікті халық арасында кәсіпкерлік дамыған жер.  

«Жергілікті халықтың кәсіппен айналысып, саудасын жүргізуіне еш қарсылық жоқ, тек бәрі талапқа сай, заңды болуы қажет. Белгіленбеген орындарда сауда-саттық жасауға болмайтынын және лицензиясыз спирттік ішімдік сатуға қатаң тыйым салынатынын қаперден шығармаған жөн. «Бармақ басты, көз қысты» әрекет мұндай қауіп-қатері мол жерде болмауы керек», – деді полиция басшысы.  

Шымкент желілік полиция басқармасының қадағалау аймағына жататын Түлкібас станциясындағы теміржол вокзалында сауда-саттықпен айналысатындар көп. Жиында сауда-саттыққа кәмелетке толмағандарды тарту мәселесі де қаралып, жауапкершілік деңгейі сөз болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204, 200, 559-баптарының талаптары таныстырылды.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті