Теміржолшылардың балаларын мектепке дайындау акциясы қызу жүріп жатыр

Әлеумет
29.08.2023, 09:30
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолында еңбек ететін қызметкерлердің балаларын жаңа оқу жылына орай мектепке дайындау акциясы қызу жүріп жатыр. Ұжымдық шартта көрсетілген талаптар негізінде тиісті категориядағы ата-аналарға көмек көрсетілуде.  

Күні кеше 355 бүлдіршінге оқуға қажетті құралдармен толтырылған мектеп сөмкесі тапсырылды. Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімі бойынша «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясымен 1227 балаға 2 АЕК көлемінде қаржылай көмек беріліп, мектеп сөмкесі қоса табыс етілген. Мұның 49-ы жалғызбасты ата-аналар. Бұған дейін сондай-ақ Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында 23 балаға, Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясында 38 балаға, Сексеуіл локомотив пайдалану депосында, Қызылорда электрмен жабдықтау дистанцияларында 18 балаға көмек берілген.   

 

– Жалпы, қос бөлімше бойынша 1582 балаға, 544 ата-анаға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Ал отбасы күніне байланысты 487 теміржолшы жанұясына 4 АЕК көлемінде қаржылай көмек беріледі, – деді Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімінің кадр маманы Шамшагүл Алпысбаева.  

– Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жеке шаруашылығы бойынша кәсіподақ ұйымы 22 балаға, жалпы бөлімшенің шағын станцияларында тұратын теміржолшылардың 160 баласына көмек көрсетіліп, вокзал шаруашылығы бойынша Ұжымдық шарттың 32-бабына сәйкес үш және одан көп баласы бар және жалғызбасты 57 ата-ана мен олардың 158 баласына әлеуметтік қолдау жасалып, балалардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне көмек берілді, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімі маманы Салтанат Махмутова.

Науқандық акция аясында Қызылорда ЖТ қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев Қызылорда, Белкөл станцияларында тұратын теміржолшылардың 25 баласына оқуға қажетті заттармен толтырылған мектеп сөмкесін жеткізіп, Ұжымдық шарт талаптарына сәйкес бөлім теміржолшыларының отбасындағы 3, 4, 5-сыныптарға баратын балаларға және үш немесе одан да көп баласы бар отбасының әр баласы үшін де қаржылай көмек берілетінін жеткізді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды