Медпойыз Ақтөбе облысындағы жұмысын аяқтайды

Әлеумет
17.10.2023, 18:42
Оқуға 2 мин

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақтөбе облысының тұрғындарын қабылдауды аяқтауда. Доңғалақты емхана қазір облыстың алтыншы станциясы – Қарашокат тұрғындарын қабылдауда. Бұған дейін 10 күн ішінде пойыз Кемпірсай, Жем, Мұғалжар, Бершүгір және Қотыртас станцияларында болған еді.

Жоба аясында шалғайдағы станцияларда тұратын ел тұрғындары негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқалар) тегін тексеруден және емделуден өтуде.

Бұл облыста дәрігерлер көбінесе азаматтарды негізгі күндізгі қабылдаудан кейін рельстердегі емханаға келе алмаған науқастардың үйіне барып қарады. Мысалы, Бершүгір станциясында дәрігерлер инсульттан кейін науқасты үйде мұқият тексеріп, өз ұсыныстары мен қорытындыларын берді.  

Бұдан басқа, жергілікті тұрғындарға азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар берілуде.

Естеріңізге сала кетейік, «Саламатты Қазақстан» медпойызы - әлеуметтік жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. «Саламатты Қазақстан» әлеуметтік жобасының басты ақпараттық серіктесі ҚР Президентінің ТРК болып табылады.

2023 жылдың 18 қазанында «Саламатты Қазақстан» медпойызы Қызылорда облысына келіп, ағымдағы жылдың 3 қарашасына дейін 9 станция тұрғындарын қабылдайды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды