«Денсаулық» пойызы Хантау станциясына келді

Әлеумет
07.12.2023, 10:30
Оқуға 1 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Мойынқұм ауданын аралап жүрген «Денсаулық» пойызы Хантау станциясына келді. Аудан әкімі Әлихан Балқыбеков бастаған жергілікті халық ақжолтай пойызды салтанатты жағдайда қарсы алды.  

Мойынқұм – Жамбыл облысының шалғай жатқан аудандарының бірі. Аудан тұрғындары медициналық көмекпен қамтамасыз етілсе де, бірқатар жоғары консультациялық-диагностикалық қызметтер қолжетімсіз. Облыс орталығына қатынай бергенге – жол алыс. Сондықтан Хантауға келіп тоқтаған «Денсаулық пойызындағы» дәрігерлерге қаралып, кеңес алып қалуға тырысқан мойынқұмдықтардың қатары көп болды.

Еліміздің үздік дәрігерлері мен мамандардан жасақталған пойыз ұсынған  медициналық ем-дом түрлерімен, шалғай елді мекен тұрғындарының қолы жете бермейтін аппаратуралар қызметімен танысқан кент тұрғындары кезекке тұрып, екі күн пойыздың алдын босатпады.  

Мамандардың айтуынша, егер диагностикалық қызметке жүгінушілер қатары көп болса, УДЗ, рентген, түрлі талдаулар 30-35 минутта, ал жалпы 15-20 минутта дайын болады екен. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындар бір күнде тексеруден де өтіп, сырқаты болса, диагнозын анықтап, дәрігерден керек кеңесті алып та үлгереді. Шалғай станцияда тұрғындары үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

Бір айта кететіні, шалғай станцияларды түгел қамтитын жылжымалы кешен тек медициналық қызмет көрсетумен шектелмейді. Әлеуметтік пойызда даулы мәселелерді оң шешуге көмектесетін медиаторлар, психологтар және заңгерлер тобы жұмыс жүргізді. Азаматтар көкейдегі проблемаларын айтып, мамандардың кеңесін тыңдап, бағыт-бағдар алды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды