Сарыағаш станциясына Тәжікстаннан гуманитарлық жүк жеткізілді

Әлеумет
22.04.2024, 12:31
Оқуға 1 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Еліміздің батыс өңірі мен бірқатар облыстардағы су тасқынына байланысты бауырлас елдерден гуманитарлық көмектер жеткізіле бастағаны белгілі. Өткен демалыс күндері Сарыағаш станциясы Тәжікстан мемлекетінен келген жүкті қабылдап алды.

Іргелес жатқан бауырлас елден 59 вагонға тиелген гуманитарлық жүк – құрылыс материалдары мен азық-түлік және гигиеналық заттар, кереует пен төсек-орын жабдықтары, т.б. бүгінгі таңда табиғи апаттан зардап шеккен өңір халқына қажетті дүниелер екен.  

Сарыағаш станциясында жүк тиелген вагондарды қабылдау шарасына   жергілікті жердің атқарушы билік өкілдері мен Шымкент жол бөлімшесінің бастығы Нұрдәулет Байғазиев бастаған сарыағаштық теміржолшылар  және Қазақстан мен Тәжікстан республикасының ресми өкілдері қатысты.

– Ел басына күн туып, ер азамат етікпен су кешкен кезеңде көмек беріп, қол ұшын созған тәжік бауырларға зор алғыс білдіреміз. Сарыағаш – шекаралық станция болғандықтан, салтанатты қабылдау шарасын осында өткіздік. Ендігі жерде жылжымалы құрам тоғыз жолдың торабы Арыс станциясындағы сұрыптау паркінде таратылып, су басқан өңірлерге жөнетіледі, – дейді Нұрдәулет Тасбалтаұлы.

Айта кетейік, Тәжікстан мемлекеті 59 вагоннан бөлек, 13 жүк көлігін жолға салып, жалпы салмағы 3 500 тонна гуманитарлық көмек жіберген. Оның басым бөлігі батыс аймақтарға жеткізіледі деп жоспарланып отыр.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды