Прокурорлар вокзалдағы бизнес өкілдерімен кездесті

Әлеумет
04.06.2024, 11:37
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» теміржол вокзалында Көліктегі прокуратура өкілдері шағын және орта бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаменті мамандары вокзал кешенінде бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне тексеру жүргізу тәртібі мен негіздерін түсіндірді.  «Бүгінгі жиынның басты мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мемлекеттік органдар тарапынан тексерістер болғанда, тексерушілердің лауазымдық қызметтерін асыра пайдалануына немесе қандай да бір заңсыз шаралар қолдануына жол бермеу. Қазір қолданыстағы Кәсіпкерлік кодексіне көптеген өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлерге осы өзгерістерді жеткізу, таныстыру. Өйткені тексерістің түрі көп. Жоспарлы, жоспарсыз немесе прокурордың талаптарымен жүргізілетін тексеріс бар. Міне, осының бәрі Көліктегі департаменттің «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде тіркеледі. Тіркеу номері электронды түрде шығарылады. Ол тіркеу номері арқылы әрбір кәсіпкер өзіне тексеріске шыққан мерзімін, негізін, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің kamkor.kz деген порталы бар, сол порталда тексеріс номерін теріп, тексерістің қашан және қай мезгілге ашылғанын, соңғы шешімін көре алады», – деді Көліктегі департаменттің аға прокуроры Талғат Айнабеков.  

Ал тексеріс жоғарыдағы ақпараттық жүйеде тіркелмей жүргізілген жағдайда Көліктегі департаменттің қызметкерлеріне хабарласып, мән-жайды білуге болады. Жалпы кәсіпкерлер заңсыз тексерістен өз құқықтарын қорғау үшін Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізетін тексеріс түрлерімен жете таныс болғаны абзал деп кеңес береді құқыққорғау өкілдері.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды