Жемқорлықты жою жолдары талқыланды

Әлеумет
02.07.2024, 10:27
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Көпфункциональды қызмет көрсету орталығы» филиалы Кадрлық әкімшілік департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында HR білімін арттыруға арналған «Құлдық сананың белгісі – параға сатылу» бағдарламасы шеңберінде форум өтті.

Іс-шараға Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдарынан 100-ге жуық адам қатысты. Форумның ашылуында сөз алған «ҚТЖ» ҰК»АҚ аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев бұл бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті енгізу, коррупцияға төзбеушілік және оған қарсы тәрбие мен білімді нығайту екенін атап өтті. Ал міндеттеріне келсек, біріншіден ол, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін жою; екінші, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру; үшінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қызметкерлердің рөлін күшейту; сондай-ақ, коррупциялық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою екен.  

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-қызмет басқарма жетекшісі Мирас Қарғабай жиында ҚРның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасымен көпшілікті таныстырды.  

«Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке мақсаттар үшін пайда табу мақсатында мемлекеттік билікті теріс пайдалану. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 22 бабында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін атқармағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін ҚР заңдарына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады делінген», – деді ол.  

Сондай-ақ, агенттік өкілі заңға енгізіліп, күшіне енген толықтырулар мен өзгерістер туралы айтып, коррупция туралы хабарлама жеткізген тұлғаларға құқықбұзушылық іс-әрекеттің түріне қарай ақшалай марапаттаулар берілетінін және де коррупциялық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған тұлғалар құпиялылық түрде қалатынын, қала берді, еңбек құқығы саласында қорғалатынын жеткізді. Коррупциялық фактілермен 1424 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы, @ Antikorkz_bot – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің телеграмм-бот каналы, Kense@antikor.gov. kz – электрондық поштасы және мемлекеттік органдардың сенім телефондарына хабарласуға болатыны айтылды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жалдау/ауыстыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тақырыбында «ҚТЖ»ҰК»АҚ Комплаенс-қызметінің қызметкері Бекет Ақпан баяндап, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген «ҚТЖ»ҰК»АҚ құпия ақпараттандыру саясатына және оның мақсаттарына тоқталды. Оның айтуынша, Ұлттық компанияда 2019 жылдан бері «Жедел желі» жұмыс істейді, осы желіге 2019 жылы – 77 рет, 2020 – 209, 2021 – 227, 2022 – 254, 2023 жылы – 157 мәрте хабарлама түскен. Деректерге талдау жасағанда ең өзекті мәселелер еңбек дау-жанжалдары, бұдан кейін еңбек ақы, коррупция, әдепсіз іс-әрекеттер екені белгілі болған. Форумның жабылуы «forms.office» аудиториямен кері байланыс форматында өтті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды