Семей жүк тасымалы жұмысқа шақырады

Әлеумет
30.07.2024, 10:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жүк тасымалы бөлімшесі ел шығысы бойынша ең озық үлгідегі әлеуметтік жеңілдіктер пакеті қарастырылған ірі жұмыс беруші саналады. Соңғы жылдары желі бойында өндіріс үдерісінің кеңеюіне байланысты бос қызмет орындарының саны арта түсуде.

Қазіргі күндері көбінесе маневр диспетчерлері, 1-2 класты станциялар бойынша кезекшілерге және жол шаруашылығының мамандарына сұраныс жоғары болып тұр. Яғни тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және теміржол көлігін пайдалану саласына қызметкерлер қажет. Сол тәрізді пойыз құрастырушылар, станция операторы, бағыттама бекетінің кезекшісі, парк бойынша кезекші сынды лауазымдарына да бос орындар жиі орын алып тұрады.  

Жуырда бөлімшенің кадр мамандары Абай облыстық Еңбек мобильділігі орталығы мен жергілікті «Amanat» партиясы филиалы бірлесіп өткізген «Жастарға жұмыс» атты бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, лайықты кандидаттар қарастырды. Кадр бөлімінің мамандары «екі қолға бір күрек» іздеген қалың көпшілік арасынан да түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, теміржол саласында еңбек еткісі келген жастарды бос жұмыс орындары қызықтырса, job.railways.kz немесе Enbek.kz сайтына кіру арқылы танысуларына болады. Сонымен қатар толығырақ ақпарат алу үшін Семей қаласы бойынша Мансап орталығына хабарласқандары жөн. Қосымша талаптар ретінде ішкі еңбек тәртібінің ережелерін білуі маңызды. Ақпарат алуға келген шамамен 400-дің үстіндегі адамға қажетті мағлұмат берілген.  

Жалпы, дәл бүгінгі күні аталған магистральдық желі бойынша Семей мен Өскемен өңірлерін қоса алғанда 151 бос жұмыс орны бар екен. Әсіресе жол монтері, жол бригадирі, кран машинисі, электромеханик сынды мамандықтарға сұраныс жоғары болып тұр. Сол тәрізді желі бойындағы көптеген станцияларда да бос жұмыс орындары байқалады. Қазіргі күні бірқатар қызметтерге жоғарыда аталған ғаламтор сайттарында арнайы конкурс жарияланған. Мәселен, Аягөздегі ТЧЭ-25 мекемесіне қарасты Шар ТД-17 мекемесінде 10 машинист көмекшісіне ваканттық орын бар. Оған барлығы 40 адам тілек білдірген. Оның тек біліктілігі бар 15-і ғана әңгімелесуге жолдама алыпты. Алда оларды тест сынағы күтіп тұр.  

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?