Медицина мамандары ақпараттық дәріс өтті

Әлеумет
09.08.2024, 09:41
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше ұлттық компанияның қызметкерлеріне арнап медицина мамандары жілік майы гемопоэтикалық дің жасушасы донорлығына орай дәріс өткізді.

Жиынды ашқан Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова қызметкерлер үшін қоғамдық және қайырымдылық жұмыстардан бөлек осындай танымдық және ақпараттық дәрістердің де маңыздылығын атап өтті. Трансплатацияны дамыту және жілік майы доноры регистрі бөлімшесінің меңгерушісі Анар Серікқызы қатысушыларға жілік майы доноры болу – соған шешім қабылдаған кез келген адам үшін зор жауапкершілік екенін алға тартты.

– Жілік майы доноры регистрі дегеніміз – трансплатацияны қажет ететін науқастарға ерікті және қайтарымсыз, ақысыз түрде көмек көрсетіп, гемопоэтикалық дің жасушасын беруде әлеуетті донор болатын азаматтардың деректері орналасқан ақпараттық платформа. Донор болу үшін Астанадағы қалалық қан орталығына хабарласу керек 18-45 жас аралығындағы салмағы 50 келіден асатын адамдар донор бола алады. Сонымен қатар олардың бойында онкологиялық, басқа да қауіпті аурулар болмауы керек, – деп түсіндірді А. Серікқызы. 

Қатысушылар осы талаптарға сай өздерінің деректерін беру үшін анкета толтырды. Алайда науқас адамға барлық адамның жілік май жасушасы сәйкес келе бермейді. Жер бетінде бір адамның генетикалық «егізін» табу 10 мыңнан 1 жағдай ғана сай келеді екен. Сондықтан маманның айтуынша, аталған регистрде неғұрлым көбірек донор тіркеулі болса, соғұрлым науқасты құтқару ықтималдығы жоғары болады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды