Теміржолшылар әулеті жеңіс тұғырынан көрінді

Әлеумет
02.09.2024, 14:55
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда байтақ Абай облысы бойынша өткізіліп жатқан республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған шараға қатысқан үш теміржолшы әулетінің жеңіс тұғырынан көрініп, мәртебесі өсті.    

Отбасы институты, адамгершілікті, рухани құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасындағы ең бағалы дәстүр-дағдыларды өскелең ұрпаққа ұғындырып, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауды мақсат ететін дәстүрлі байқауға  облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 100-ден аса отбасы қатысып, облыстық кезеңге тек санаулылары ғана өтті. Әскерилер, полиция, дәрігерлер мен мұғалімдер отбасылары қатысқан айтулы сыннан бір емес, үш бірдей теміржолшылар отбасы қара үзіп шығып, жеңімпаз атанды. Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталып,  арнайы сыйлыққа ие болған олардың барлығы да өздері тұратын аудандар бойынша бас жүлдені еншілеп, жүзден жүйрік атанған жеңімпаз жанұялар.

Алғашқылар қатарында салтанатты түрде марапатталған Жарма өңірінен келген теміржолшылар әулеті – Манхановтар болды. Бұл отбасы мүшелерінің дені желі бойындағы байланыс және белгі беру саласында еңбек етеді. Отағасы Толымбек Қамалиұлының еңбек өтілі 35 жылдан асады. Зайыбы Зубайда Аблахатқызы да ШЧ-30 дистанциясының Жарма станциясында абыроймен еңбек етіп келеді. Ұлдары Әлібек ШЧ-29 мекемесінде электромеханик. Барлық қоғамдық шараларда алдыңғы қатардан табылып, ұлттық өнерді де насихаттап жүр.

Келесі кезекте жұртшылық алдына шыққан Тоқтаровтар отбасы Жаңа-Семей ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы. Отағасы Айдос Заманбекұлы Шаған станциясының бастығы. Бірнеше мәрте Семей ЖТ бөлімшесі бойынша өткізілген «Үздік станция бастығы» байқауының жеңімпазы атанған. Зайыбы Гүлдана екеуі спортты серік етеді, көпбалалы отбасы. Шағын ғана станцияның шырайын келтіріп, абаттануына үлес қосып жүрген жұп.  

Сонымен қатар Аягөз станциясынан келген Сағатбековтер әулеті де марапатталды. Отағасы Медет Бахтыақынұлы Аягөз локомотив пайдалану депосының озат машинист көмекшісі. Төрт перзент тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Байқау жүлдегерлері естелік сыйлықтар мен ақшалай сертификаттарға ие болды. Салтанатты іс-шара соңы арнайы мерекелік концертке ұласты.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды