Болашақ станциясында жәрмеңке өтті

Әлеумет
11.09.2024, 14:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

 Болашақ станциясында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қиырдағы шекаралық станция халқы үшін бұл кереметтей сый болды. «Жәрмеңке келді» дегенді естіген алақандай ауылдың халқы тайлы-таяғы қалмай осында жүр.

Болашақтықтардың Ақтау қаласынан көтерме бағамен әкелінген  жеміс-жидектер мен азық түліктерге сұранысы жоғары болғаны соншалық, өнімдердің бәрі пышақ үстінен үлестіргендей сатылып кетті. Тұрмыстық керек-жарағына облыс орталығынан 150 шақырым жердегі  Жаңаөзен қаласына пойызбен қатынайтын станция тұрғындары үшін бұл үйіне кіргізіп бергенмен бірдей болды. Оның үстіне көтерме бағадағы базардан келгендіктен өнімдердің арзандатылған бағада болып, қалтаға көп салмақ салмағаны, халықтың керегін артығымен алуына мүмкіндік туғызды.  

 – Теміржолдың қолдауы, Болашақ ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылымызда жәрмеңке болып жатыр. Соңғы рет осыдан он жыл бұрын, 2014 жылы ұйымдастырылған, бұл – екінші рет. Жәрмеңкеге Ақтау қаласындағы «Асар-С» көтерме базарының кәсіпкерлері қатысып, төмендетілген бағада азық-түлік өнімдерін ұсынды. Онда 1 тонна картоп, 500 келі жуа, сәбіз, орамжапырақ, қызылша, қарбыз, қауын, қызанақ, қияр, 300 келі ұн, 200 келі күріш, 300 келі қант, 200 келі макарон, сүт, сұйық май, тауық еті және кептірілген жемістер және тағы басқа өнімдер түгел сатылып кетті. Ауыл әкімдігінің айтуынша, енді бұл бастама алдағы уақытта да жалғасып, ет өнімдері де келетін болады.  

   Азық-түлік өнімдерінің тасымалына қолдау көрсетіп, ұйымдастырған Маңғыстау жүк тасымалы қосалқы бөліміне, Болашақ станциясының басшылығына және осы шараға мұрындық болған ауыл әкімдігіне тұрғындар атынан алғыс айтамыз. Тағы да осындай азық-түліктердің жеткізілуін асыға күтеміз, – дейді Болашақ өрт сөндіру пойызының қызметкері, Болашақ ауылы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерболат Бытықов.

Ауылда тек үш дүкеннен бөлек үлкен сауда орындары  болмағандықтан болашақтықтар үшін бұл жәрмеңке таптырмайтын мүмкіндік. Сатылған тамақ өнімдері Жаңаөзендегі бағадан төмен, облыс орталығындағы көтерме бағамен бірдей. Сондықтан халқының басым бөлігін теміржолшылар құрайтын Болашақ тұрғындары жәрмеңке тұрақты өтіп тұрса деп тілек айтады.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды