Қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы өтті

Әлеумет
06.12.2024, 09:17
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да қазақ тілінде сөйлеу клубының кезекті отырысы «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбымен өтті. Қатысушылар мақал-мәтел айтудан жарысты және ән мен күй тыңдап, рухани азық алды.

Алдымен жиналғандар 4 топқа бөлініп, экранда берілген кездейсоқ дөңгелек арқылы топ аттарын қойды. «Отан», «Білім», «Еңбек», «Адамгершілік» деп аталған топтар өз атауларына байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысты. Оларға 3 минут уақыт беріліп, сол уақыттың ішінде неғұрлым көп мақал тапқан топ ұтты. Екінші кезеңінде Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисі арқылы ситуациялық тапсырмаларды орындау тапсырылды. Әр топтан екі адам шығып, өрісті ашу арқылы тапсырма таңдап сұхбат жүргізді.  

Келесі тапсырмада қатысушылар экрандағы суреттер бойынша қандай мақал жасырынғанын дұрыс тауып айтуы керек болды. Әр тақырып төңірегінде мақалдар қоса отырып 2-3 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрайды. Одан әрі Флэш-карталар ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру тапсырмасы орындалды. Белсенді қатысушылар мен топтар бағалы сыйлықтар беріліп, жасы үлкен қатысушыларға оюлы орамалдар табысталды.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды