Өзін мойындатқан жан

Әлеумет
24.12.2024, 09:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымы Тасымалдау үдерісінің технологиялық жүйелері департаментінің менеджері Қайыргелді Макишевті құрметті демалысқа шығарып салды.

Еңбекпен өрілген ғұмырының отыз жылдан астамын теміржол көлігіне арнаған Қайыргелді Макишев алып саладағы еңбек жолын Тың темір жолында инженер-электроншы болып бастаған.  

«Қайыргелді Қапанұлы өзін жоғары білікті маман ретінде көрсете білді, ол жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, оларды тәжірибеде енгізуге көп көмектесті. Есептеу орталығында жұмыс істей жүріп, білікті маман озық ақпараттық технологияларды табысты енгізіп, дамыта білді. Бұл өз кезегінде теміржол тасымалының жұмыс тиімділігін анағұрлым арттырды», – дейді кейіпкеріміз туралы әріптестері.  

Қайрекең еңбек жолында әртүрлі қызмет тізгінін ұстай жүріп, кәсіби өсудің бірнеше кезеңдерінен өтті. Мәселен, Солтүстік өңірлік ақпараттық-есептеу орталығының бөлім бастығы, дербес электронды есептеуіш машиналар бөлімі бастығының орынбасары, Ақмола облыстық ақпараттық-есептеу орталығының бөлім бастығы сияқты тағысын тағы лауазымдық міндеттерді атқарды. Тасымалдау процесі дирекциясының ақпараттық жүйелерді жобалау және енгізу бөлімін де басқарды. Оның жұмысы тасымалдау үдерісінің ақпараттандыру процесін жетілдірумен байланысты еді, бұл жүк тасымалдау қызметінің сенімділігі мен жылдамдығын арттыруға ықпал етті. Қайыргелді Қапанұлы құрметті демалысқа шығар алдында отын-энергетикалық ресурстарды нормалау процестерін талдау құралы ретінде отынның позициялық нормасы бойынша бақылау тақтасын әзірлеумен айналысты.  

Әріптестері Қайыргелді Макишевті өз ісінің білгірі, үнемі ізденісте жүретін білімсүйгіш адам ретінде дәріптесе, жастар жағы көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, үйретуден жалықпаған тәлімгер ұстаз, қамқоршы аға ретінде ерекше құрметтейді. Расында да кейіпкеріміздің темір жолда ақпараттық технологиялар мен жүйелерді дамытудағы зор үлесін кешегі-бүгінгі сала мамандары бірауыздан мойындайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды