Жұмысшы мамандықтарына мәртебе беріледі

Әлеумет
10.01.2025, 08:43
Оқуға 2 мин

Тағы бір жыл тарих жылнамасын толықтырып, жаңа жылға аяқ бастық. Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Президент, осылайша, жұмысшы мамандықтарына айрықша мәртебе беріп, маңызын арттырып отыр.

Теміржол саласында жұмысшы кәсібі иелері қашан да беделге, қадір-құрметке ие. Олар – жолшылар, вагон қараушылар, станция кезекшілері мен пойыз құрастырушылар, машинистер мен жолсеріктер, т.т. алып салада жүк және жолаушылар тасымалының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жолында тәулік бойы тынымсыз тер төгіп жүрген еңбек адамдары.  

Сарапшылар Қазақстан үшін өткен жыл табысты болды деп қорытынды жасайды. Өндіріс саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып, қайта өңдеу секторы қарқынды дами бастады. Ғылымды қаржыландыру көлемі артып, әлеуметтік сала қызметкерлеріне елеулі қолдау көрсетіліп жатыр. Елдің экономикалық дамуы мен қоғамдық ахуалға әсерін тигізер бірқатар күрделі де қиын жағдайлармен бетпе-бет келгенімен, Қазақстан реформаларды тиімді жалғастырып, табысты жыл негізін қалай білді деп бағалауға болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы қаңтардың алғашқы күндері «Ана тілі» республикалық қоғамдық-саяси газетіне берген сұхбатында жан-жақты баяндайды.  

– Біз еңбек адамының абырой-беделін көтеріп, еңбекқорлық, кәсібилік сияқты құндылықтарды дәріптеу үшін әлі талай шаруа атқаруымыз керек. Экономиканың көптеген саласында жұмыс қолы жетіспейді. Жұмысшы мамандықтар мол әрі тез табыс табу тұрғысынан қызықтыра қоймауы мүмкін. Бірақ бұл мамандықтардың еңбек нарығында сұранысқа ие болатынына да, қоғамдағы мәртебесі жоғары болатынына да кепілдік бар. Мен кәсіпорындарды аралаған кезде жастарды жиі жолықтырамын. Олардың арасында жұмысшы әулеттерінің өкілдері көп екені көңіл қуантады. Мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу, – деді жұмысшы мамандықтары жылына байланысты пікір білдірген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Өз кезегінде «Қазақстан теміржолшысы» газеті алғашқы санынан бастап Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Еңбек адамы» атты жаңа айдар ашып, жоғарыдағы кәсіп иелері жайлы очерктер мен суреттемелерді жариялауды бастайды.

 

Меруерт Есенбек

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды