Компанияда 10 жылдан астам қызмет еткендер біржолғы ақшалай сыйақы алады

Әлеумет
21.02.2025, 09:02
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаевтың төрағалығымен инфосессия форматында селекторлық кеңес өтті. Іс-шараға компанияның өңірлік және желілік деңгейдегі басшылары мен HR-мамандары қатысты.  

Инфосессияда ҚТЖ-ның аға HR бизнес-серіктесі Әсел Ақтау еңбекақы төлеу және қызметкерлерді ынталандырудың жаңа құралдары саласындағы жаңалықтармен бөлісті. Айтуынша, компания соңғы жылдары жалақы деңгейін көтеру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізген. Мәселен, соңғы бес жылда қызметкерлердің табысы 2,7 есеге, оның ішінде 2025 жылы – 7%-ға өсті, сондай-ақ еңбек сіңірген жылдары үшін біржолғы төлемдер енгізіліп отыр. Компанияда 10 және одан да көп жыл жұмыс істеген қызметкерлер 100 мың теңге, 20 және одан да көп жыл – 200 мың теңге, 30 және одан да көп жыл жұмыс істегендер 300 мың теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы алады. Бұл төлемдер жыл сайын жүргізілетін болады.  

Ал Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Карина Киреева аймақтық және желілік бөлімшелердің қызметкерлеріне мақсат қою туралы әңгімелеп берді. Тұсаукесер барысында жетекшілік ететін басшылардың KPI-лері тігінен төмен қарай каскадталуы және өндірістік тиімділікті арттыруға, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қанағаттанушылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екендігі атап өтілді.  

Келесі сөз кезегін алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаева қызметкерлерді оқыту және дамыту саласындағы 2024 жылғы жұмыс нәтижелері және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Ол сондай-ақ өңірлердегі оқу орындарымен одан әрі ынтымақтастықтың және жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік-бағдарлау жұмысын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.  

Іс-шара соңында Әлихан Қыраубаев компания HR-процестерді жетілдіру, персонал жұмысының тиімділігін арттыру және қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша кешенді шараларды іске асыруды жалғастыратынын мәлімдеді. Өңірлік филиалдардың басшыларына жаңа бастамаларды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және кадрлар айналымын төмендетуге, еңбек жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және ұжымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған шараларды қабылдау тапсырылды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды