Әлеуметтік төлемдер тәртібі түсіндірілді

Әлеумет
27.02.2025, 11:15
Оқуға 2 мин
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістанда теміржолшылардың басқосуы өтіп, сала еңбеккерлеріне компания тарапынан жасалып отырған жағдай, әлеуметтік төлемдер тәртібі мен талаптарын кеңінен түсіндіру арқылы әлеуметтік тұрақтылыққа қолжеткізудің тетіктері талқыланды.  

Станция ғимаратында өткен жиынға өңірдегі ПЧ, ШЧ, ЭЧ мекемелерінің қатардағы жұмысшылары қатысып, оларға жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиында Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Балжан Назарова мен жалақы есептеу бөлімінің басшысы Ерлан Қорыспаев және бөлімшенің еңбек қорғау секторының басшысы Ерлан Серперов сөз алып, теміржолшылардың сұрақ-сауалдарына жауап берді. Жиында теміржолшыларға ұсынылып жатқан жеңілдіктер мен түрлі әлеуметтік көмектер, жалақыдан бөлек, биылдан бастап енгізіліп отырған қосымша сыйақы берудің негізгі тәртіптері, оған қоса жұмысшыларды марапаттау арқылы ынталандыру тетіктері кеңінен түсіндірілді.

– Айталық, егер қызметкер компанияда 10 жыл бойы үздіксіз еңбек еткен болса, оған жылына бір рет жалақыдан бөлек қаржылай сыйақы тағайындалып, арнайы кеуде белгісімен марапатталады. Ал еңбек өтілі әрбір он жылға көбейген сайын көрсетілетін сый-құрмет көлемі де екі еселене түседі, – деді Е.Серперов.

Сол сияқты жиында жақын қашықтықтағы мекемелерге іссапармен барған азаматтарға жолсапар шығынын өтеу мен оларға берілетін арнайы киімдердің сапасы да тақырыптан тыс қалмады. Жалпы, оңтүстік өңір қысы жайлы, жазы ыстық өңір болғандықтан, жұқа матадан тігілген арнайы киімге ауысу мәселесі де талқыланды.

Жалпы, Түркістан облысындағы теміржол мекемелерінің салаға жауапты жетекшілері жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мұндай басқосуларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Онда еңбек заңнамасының сақталуы мен ұжымдық шарт талаптарының орындалуы жіті назарға алынады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды