ҚТЖ Әлеуметтік саясат департаменті «Балауса болашақ» балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн сурет байқауы басталғанын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – теміржолшы мамандығын жас ұрпаққа насихаттау. Байқауға компанияның орталық аппараты, филиалдары мен еншілес ұйымдары қызметкерлерінің 7 жастан 14 жасқа дейінгі балалары мен немерелері қатыса алады. Жарысқа суреттерді қабылдау 2025 жылдың 25 сәуіріне дейін жүргізіледі. Қорытындылары 2025 жылғы 1 маусымнан кешіктірілмей жарияланады.  

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.  

Толығырақ ақпарат алу үшін әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиевке 60-45-76 телефоны арқылы хабарласуға болады.