Медициналық пойыз – Маңғыстауда

Әлеумет
27.05.2025, 09:13
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы маңғыстаулық тұрғындарды қабылдауда. Түбектің тоғыз теміржол станциясына аялдайды деп жоспарлаған пойыз кеше Қарақия станциясына жетіп, жұмысын жалғастырды. Пойыз демалыс күні Болашақ станциясында болып, шалғайдағы елдімекенде тұратын халыққа қызмет көрсетті.

25 мамыр күні Болашақ станциясындағы тұрғындар медпойыздағы мамандардың қызметін алуға таңсәріден келе бастады. Соның бірі Болашақ өрт сөндіру пойызында еңбек ететін, әрі сол ауылдың қоғамдық қауымдастығының төрағасы Ерболат Бытықов жанұясымен бірге сол жерден табылды. Тісі ауырып, оны қаратуға бәлен шақырымдағы қалаға баруға уақыт таппай жүрген ол үйінің алдына келіп тұрған тегін стоматологқа жүгініп, біраздан бері жанына батып жүрген дертінен құтылғанын айтады. Сонымен қатар ЭКГ, УДЗ талдауларын жасатып, кардиологтан кеңес алып, денсаулығының жай-күйіне қатысты біраз мағлұмат біліп, заңгерден көкейдегі сұрақтарына жауап тапқан ағамыз «Саламатты Қазақстанды» ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.  

– Пойыз станцияға таңғы жетіде келіп, тоғызда жұмысын бастап кетті. Кешкі сағат 18.00 дейін болашақтықтарды қабылдады. Биыл ауыл жұрты былтырғыға қарағанда белсенді, көп адам келді. Пойыздағы медбригада үйінде ауырып жатқандарға да барып тиісті кеңесін беріп, көмегін көрсетті. Ауылымыздан барлығы 376 адам медициналық байқаудан өтті, соның ішінде 142-сі бала. 169 адам үйден мобильді топтың қызметін алды. Станциямыз орталықтан алыста болғандықтан бұл пойыз – біздің тұрғындар үшін өте қуанышты жаңалық. Жылда халық медициналық пойызды күтіп жүреді. Себебі көбі жұмыста, қалаға кетіп, анау дәрігерден шығып, мына дәрігерді жағалап жүруге уақыты бола бермейді. Сондықтан айтарымыз тек қана алғыс, – дейді Болашақ станциясы бастығы Мақсат Нұрбеков.  

Пойыз бастығы Абай Досбергеннің айтуынша пойызда жалпы сегіз вагон болса, соның жартысы – медициналық құрал-жабдық, құрылғылар. Онымен 29 түрлі мамандықтағы дәрігер, бір заңгер мен бір медиатор келген. Болашақ – пойыз тоқтаған үшінші аялдама. Болашақтан соң Қарақия, Шетпе, Ақжігіт, Бейнеу, Қорқол, Боранқұл станцияларында болады. 3 маусым түбек тұрғындарына қызметін аяқтап, әрі қарай Атырауға жол тартады. Сонымен «Саламатты Қазақстан» түбектің тоғыз станциясына барып, тұрғындарға медициналық және заңгерлік қызметтер көрсетеді.  

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады