Балалар жазы көңілді

Әлеумет
27.06.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшылардың ұл-қыздарының жаз қызығын көңілді өткізуіне барлық мүмкіндік бар. Олар жаз бойы бірнеше қалаға саяхаттап, лагерьлерде денсаулығын шыңдап, естен кетпес қызықты күндерді бастан кешуде.

Биыл түбек теміржолшыларының балалары Ақтөбе, Жамбыл облысы мен Алматы қаласында демалуы жоспарланған. Ару қала Алматыдағы «Медуза» балалар лагеріне биыл түбектен тоқсан баланың жазғы демалысы қарастырылған. Отыз баладан үш лекпен аттанады. Алғашқы отыз бала осы маусым айында демалып, күні кеше оралды. Оңтүстіктің әсем табиғатымен танысып, лагерьде жаңа достар тауып, он күн бойы балалықтың бал сәттерін бөліскен балалардың көңіл-күйі өте жоғары, алған әсерін айтып тауыса алмауда. Екінші лекпен тағы отыз бала бала әне-міне жолға шықпақ.  

Сонымен қатар тағы алпысқа жуық жас өрен Ақтөбе қаласына аттанбақ. Бұл балалар қаладағы «Әсем» лагерінде он күн демалып, жаз қызығын көріп қайтатын болады. Жамбылдағы «Тау самалы» лагеріне биыл 86 бала демалуы жоспарланған. Мұнда да үш лекпен аттанатын балалардың алғашқы тобы аттануға әзір. Маусым айының екінші жартысында басталған балалар демалысы шілде, тамыз айларында да жалғасады.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті