Саламатты Қазақстан: Сарыкөл қаласының мыңнан астам тұрғыны тексерістен өтті

Әлеумет
11.08.2025, 10:06

«Саламатты Қазақстан» жылжымалы медициналық пойызы Қостанай облысы бойынша өз бағытын аяқтады. Соңғы аялдама Сарыкөл ауданы болды, онда пойыз 5 және 6 тамызда жұмыс істеді. Екі күннің ішінде дәрігерлер 1205 адамды қарап-тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сарыкөл - сегіз мыңға жуық халқы бар аудан орталығы. Тіркеуге және медициналық сақтандырудың болуына қарамастан, барлық ниет білдірушілер білікті медициналық және консультациялық көмекті тегін алды.

Медициналық пойыз - заманауи техникамен жабдықталған дербес мобилдік кешен. Оған тіркеу, диагностикалық кабинеттер, зертхана, ультрадыбыстық, ЭКГ, рентген, стоматология кабинеттері, емдеу және қарау бөлмелері кіреді. Мұнда алғашқы диагностика, зертханалық зерттеулер және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі.

Бригаданың құрамында терапевт, хирург, травматолог, кардиолог, педиатр, көз дәрігері, стоматолог, ультрадыбыстық маман, мейіргерлер мен техникалық қызметкерлер жұмыс істеді.

Аудан тұрғындарына Сарыкөл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрғожа Байкунов және медициналық пойыздың аға дәрігері Елнұр Маханов құттықтау сөз сөйледі. Н. Байкунов атап өткендей, осындай бастамалардың арқасында сапалы медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болады.

Жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Денсаулық сақтау министрлігінің және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оның мақсаты - елдің шалғай және халқы аз елді мекендерінің тұрғындары үшін аурулардың қолжетімді диагностикасы мен алдын алуды қамтамасыз ету.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты