Медициналық пойыз Абай елін аралап жүр

Әлеумет
29.09.2025, 13:50
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өткен аптаның соңында Абай еліне де келіп жетті. Осыған дейін Павлодар бөлімшесінен қайтар жолда Семейдің Дегелең, Белағаш, Ауыл станцияларына аялдап, Өске- мен өңіріне жол тартқан еді.

Осылайша шығысты шарлап шыққан медициналық пойыз Жаңғызтөбе станциясына келіп жетіп, одан әрі Жарма станциясында да қабылдау жүргізді. Айта кетерлігі, екі станция да облыс орталығынан, үлкен қалалардан біршама шалғайда жатыр. Сол себепті кәсіби мамандарға қаралушы жергілікті тұрғындар саны да көп болды.  

Қыркүйектің 26-29 күндері өткен қабылдауға іргелес шағын станциялар мен жол айрықтарында тұратын теміржолшылар да ат арытып арнайы келіп, дәрігерлерге қаралды. Байырғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағына жақын жатқан, сәйкесінше, денсаулықтарында сәулелену себепті кінәраттары бар тұрғындар медициналық тексерулерге әрдайым мұқтаж.  

Медицина пойызының құрамындағы дәрігерлер қатарында терапевт, хирург, педиатр, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, ЛОР, гинеколог, психолог, невропатолог, УЗИ дәрігері, рентгенолог мамандар қызмет көрсетуде. Сонымен бірге медиаторлар мен заңгерлер де жұмыс жүргізді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызындағы мамандардың тиімді жұмыс жүргізулері үшін барлық қолайлы жағдай жасалды. Дәрігерлердің де, жергілікті тұрғындардың да көңіл күйлері жоғары. Себебі, шалғай станция тұрғындары үшін қажеттілігі аса жоғары медициналық қызметтер ЭКГ, УЗИ, рентген, маммография және зертханалық талдаулар жүргізіліп, қажетті жағдайда тіпті, шағын хирургиялық операциялар да жасалуда. Тексерудің мұндай түрлерін жасату үшін станциялар тұрғындары бірнеше күн уақыттарын бөліп, аудан орталықтарына баруға мәжбүр болатын еді, – дейді пойыз жұмысының басы-қасында жүрген Жаңғызтөбе станциясының бастығы, Жарма аудандық мәслихатының депутаты Азамат Нұрғалиев.  

Айта кетерлігі сол, жергілікті теміржолшылар барлық медициналық қызметтердің тегін екендігіне, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және кепілдендірілген тегін көмек аясында көрсетілетініне зор ризашылық білдіруде.  

Медициналық пойыз қыркүйектің 30-мен қазанның 1-і күндері аралығында бөлімшедегі Таңсық станциясында аялдап, қызмет көрсетпек. Одан әрі қарай Алматы бөлімшесіне жол тартатын болады.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады