Қазыналы қарттарға – құрмет пен тағзым

Әлеумет
08.10.2025, 08:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда бүкіл саналы ғұмырын түбек теміржолын түлетуге сарп еткен қариялардың басын қосқан бір тамаша кеш өтті.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов, Орталық теміржолшылар кәсіби одағының өңірдегі өкілі Сәрсенбай Есенқұлов сөз сөйлеп, аға буынға алғыстары мен құрметтерін, ең ізгі тілектерін жеткізді.  

Қазіргі ізбасарларының ақ ниетпен жайған дастарханынан дәм татып, көптен көрмеген жандармен дидарласқан ардагерлер түбек теміржолының тарихынан сыр шертіп, өткен-кеткенді еске алды. Ардагерлер салада болып жатқан ілкімді істерге қуанып, өзгерістерден хабардар жүретінін жеткізіп, ақыл-кеңесін айтты. Теміржолшы жастардың өнерін тамашалап, көңілді ойынға қатысып, сый-сияпатқа кенелген қариялар өте риза болды.  

– Осында жиылған әр жан түбек теміржолына өз кірпішін қалап, күш-қайраты жеткенше еңбек етті. Олардың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Адам жасы ұлғайған сайын қатарластарын көруді, әңгімелесуді аңсайтыны рас. Бүгінгі кездесуде ардагерлеріміздің көңілі көтеріліп, жүзі жадырап отырғанын көрудің өзі бір ғанибет. Қарияларымыз аман болсын! – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов.  

 

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды