100 теміржолшы донор болды

Әлеумет
17.10.2025, 08:35
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да осы аптаның сейсенбісінде Донор күні ұйымдастырылды. Астанадағы қан орталығынан келген медицина мамандарына компанияның 100 қызметкері қан тапсырып, игілікті істің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Донор күнін ҚТЖ-да ұйымдастырушылардың бірі, компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Венера Гиметдинованың айтуынша, бұл іс-шара биылдыққа осымен үшінші рет өткізілуде.  

– Таңертеңгі сағат 10.00-ден 13.00-ге ұйымдастырылған донор күніне теміржолшылар жеңіл-желпі таңғы ас ішіп келеді, қан тапсырар алдында майлы тамақ жеуге болмайды. Жалпы тоқсанына бір рет ұйымдастырамыз. Жыл соңына дейін тағы бір рет өткізу жоспарда бар. Орташа есеппен әр жолы жүз адамдай донор болады. Кейде 130 адамға дейін өтініш білдіргенмен, біразы денсаулығына байланысты қан тапсыруға жарамай қалады. Теміржолшылар арасында бірнеше жыл, тіпті 10-15 жылдан бері тұрақты қан тапсыратындар бар. Олардың бәрі салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығы жақсы, донор ретінде тіркеуде тұрғандар, тұрақты донорлар бұл іс-шарадан ешқашан қалыс қалмайды, – дейді ол.  

Қан тапсырған қызметкерлерге бір күн демалыс беріледі, олар оны қалауынша, бір жыл ішінде пайдалануға құқылы. Қан тапсырған күні демалыс алмаған жағдайда екі күндік демалыс алуға болады. Сонымен қатар кан тапсырар алдында олар арнайы сауалнама толтырып, денсаулық жағдайы туралы 32 сұраққа жауап береді.  

– Мен төрт жылдан бері донормын. Өткенде жекеме хат келіп, менің қаным кішкентай балаға құйылғанын біліп қуанып қалдым. Сенің қаның бір адамның өмірін сақтауға сеп болса, ал ол жас сәби болса, қалай қуанбасқа?! Сондықтан мұндай іс-шарадан ешқашан тыс қалмаймын. Өзім салауатты өмір салтын ұстанып, жүгірумен айналысамын, – дейді донор-теміржолшы Әйгерім Битабарова.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды