Рамазан – сауап айы

Әлеумет
17.03.2026, 08:21
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау – ең сауапты да қайырлы істердің бірі. Атырау магистральдық желі бөлімшесінде «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

«Жүректен жүрекке!» деген ұранмен өткен қайырымдылық акциясына атсалысқандар қатары көп болды. Бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаеваның айтуынша, әркім өз мүмкіндігіне қарай үлес қосқан, біреулер үйінен зат әкеліп қосса, енді біреулер балалар үйіне – ойыншықтар мен кітаптар, тәттілер, қарттар үйіне, мүмкіндігі шектеулі жандар орталығына және «Шапағат» мүгедектер қоғамына – азық-түлік, күнделікті қажетті заттар, жалғызбасты зейнеткерлерге – тұрмысқа қажетті бұйымдар, көпбалалы отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, оқу құралдарын әкеліп қосқан.  

Бөлімше басшысы Аралбай Аманбаев: «Әрбір көмек, әрбір қолдау біреудің өміріне үміт пен қуаныш сыйлайды. Бұл біздің үлкен ұжымдағы бірліктің белгісі. Жасаған әр игі істеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтады» деп акцияны қолдаушылар қатарынан табылды. Акцияға бөлімшенің басқару аппараты, жол, электр және байланыс дистанциялары, станциялар, басқа да құрылымдық бөлімшелерден 200-ден аса қызметкер қатысып, жиналған заттар адресаттарға жеткізіліп, иелеріне табысталды.  

 

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды