Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілік-тұрмыстық кешенді және локомотив бригадаларының демалыс үйін қамтитын айналым локомотив депосы ғимаратына күрделі жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Депо ғимараты 1993 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Ғимараттың ауданы шамамен 4,3 мың шаршы метрді құрайды.  

 Жөндеу барысында:

- іргетасының блоктары күшейтілді;

- шатыры толығымен жаңартылды;

- ғимараттың қасбеті жөнделді;

- инженерлік желілері мен

электр байланыстары ауыстырылды;

- цехтардың технологиялық жабдықтары жаңартылды;

- доңғалақ жұптарын қайрау үшін КЖ-20 станогы орнатылды;  

- локомотивтерге техникалық қызмет көрсету үшін байқау жырасы жөнделді.  

Сондай-ақ, әкімшілік-тұрмыстық корпустың және локомотив бригадалары демалыс үйлерінің үй-жайлары жаңартылды, жаңа жиһаз сатып алынды.  

Жүргізілген жөндеу локомотивтерге техникалық қызмет көрсетудің сенімділігін арттыруға және локомотив бригадаларының еңбек пен  демалыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.