Әрқашан күн сөнбесін...

Әлеумет
05.06.2026, 08:38
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кешегі кеңес елінің балаларының гимніне айналған ән Шу аспанында бұл күні тағы қалықтады. Балаларды қорғау күніне орай Шу белгі беру және байланыс дистанциясының кәсіподақ ұйымы «Бақытты шақтар» атты мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырды.

Түрлі ертегі кейіпкерлері балғындарға ойын ұйымдастырып, шоу көрсетті, ойыншықтар мен тегін балмұздақ таратылды. Асфальтқа сурет салудан байқау өткізіп, эстафеталық жарыстардың жүлдегерлері де сыйлықсыз қалған жоқ.

– Өткен оқу жылында бірнеше теміржолшылар әулетінің талантты балалары республикалық, халықаралық өнер-білім бәсекесінде топ жарып, жүлдегер атанды. Мерекеге орай сондай 4 оқушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің Алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлық алды. Ал мерекелік ертеңгілікке көпбалалы отбасылардан шыққан 50 баланы шақырып, ойыншықтар мен түрлі тәттілер сыйлап, қуанттық, – дейді Шу белгі беру және байланыс дистанциясының кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзімбек Көкімов.  

Алғыс хатпен марапатталған жасөспірімдердің үшеуі көпбалалы отбасыдан шыққан. Дистанцияның аға электромеханиктері Мадияр Құралиевтің қызы Назерке Серікбек екі бірдей байқауда топ жарса, Серікжан Базарқұловтың ұлы Ерасыл Сейітқазы облыс оқушылары арасында «Ең үздік кітап оқушы» атанып, білім бәсекесінде жүлдегер атанған. Электромеханик Дамирғали Оңланбаевтың қызы Аруна Батырғали төрт конкуста үздіктер қатарынан көрінсе, жетекші инженер Данеля Жамашеваның баласы Алижан Рахман сегіз бірдей спорттық жарыста топ жарған.  

Мерекеге орай Жамбыл ЖТ кәсіподақ ұйымы да балаларға ойын-сауық орталығында екі күндік демалыс ұйымдастырды. Балалар көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі ойындарға, спорттық жарыстар мен танымдық бағдарламаларға қатысып, өнерлерін көрсетіп, түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.  

– Әрбір ата-ана ұл-қызының бақытты балалық шағын қамтамасыз ету үшін тер төгіп жүр. Мерекеге орай теміржолшылардың 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларына ойын-сауық орталығына тегін демалыс ұйымдастырып, екі күнде 1100-ге жуық балаға қуаныш сыйладық. Тегін балмұздақ, түрлі тәттілер таратылып, жеңімпаздарға ойыншықтар сыйладық, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев.  

 

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды