ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты

Әлеумет
12.06.2026, 09:48

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еліміздің ірі жұмыс берушісі бола отырып, тұрақты негізде теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – теміржол қызметкерлерінің демалысын ұйымдастыру.

Қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс шеңберінде Санаторлық-курорттық сауықтыру қағидаларына бірқатар түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ең басты жаңалық – енді жолдамалар мен қызметкерлерге сауықтыруға материалдық көмек жыл сайын белгіленген лимит шеңберінде беріледі. Бұрын теміржолшылар бұл мүмкіндікті 24 айда бір рет қана пайдалана алатын.  

Бұдан басқа, төлем тәртібі де түзетілді. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес шипажайлық-курорттық сауықтыруға арналған жолдамалар мен материалдық көмек салық салуға жатады. Осыған байланысты компания басшылығы маңызды шешім қабылдады, енді қызметкерлерден жолдамалар үшін ұсталатын пайыз толығымен жойылды. Ал бұрын кластық нөміріне байланысты жолдама құнынан 5%-дан 30%-ға дейін ұсталатын.  

Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин атындағы ведомстволық санаторий-профилакторийге жолдама бағасы төмендетілді, бұл қызметкерге өз жолдамасын бос орындар болған жағдайда жыл бойы отбасы мүшелеріне беруге немесе бірге пайдалануға мүмкіндік береді, ал бұрын жолдаманы отбасы мүшелеріне тек 1 және 4-тоқсанда ғана беруге рұқсат етілген болатын. Санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар жалақысы 180 АЕКтен аспайтын қызметкерлерге беріледі.  

Бұл ретте теміржолшылардың әрдайым таңдауы болады. Белгіленген лимит шеңберінде олар компания мақұлдаған кез келген басқа сауықтыру орнына өз бетінше демалыс орнын таңдай алады. Екінші жағдайда қызметкерге 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде материалдық көмек төленеді.  

2026 жылы компания Щучинск – Бурабай курорттық аймағындағы Сәкен Сейфуллин шипажайымен, Қостанай облысындағы «Сосновый бор», Қарағанды өңіріндегі «Арман», «Балқаш» , Түркістан облысындағы «Katiya Grand plasa», «Ақсу Деми», «Ақ Тілек», Жамбылдағы «Айша бибі», «Самал», Алматы және Алматы облысындағы «Ақ-Қайың» және «BAQSY», Павлодардағы «Мойылды», Қызылорда облысындағы «Жаңақорған», «Орда Сығанақ» және Жетісу өлкесіндегі «Жаркент Арасан» сауықтыру орындарымен келісімшарт жасасқан.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды