Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады

Әлеумет
23.06.2026, 10:00
Оқуға 2 мин
Сурет: ашық дереккөзден
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Елдегі ең ірі жұмыс беруші «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ соңғы жылдарда жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсартуға баса көңіл бөліп отырғанын  бір ғана филиалдың көрсеткішінен байқауға болады.

Айталық, «Жамбыл» филиалында осы бағыттағы  төлемдер 2020 жылы 165 940 мың теңге болса, бес жылдағы өсім 520 634 мың теңгені құраған. Әлеуметтік төлемдердің бір бөлігі жұмысшылардың сауықтырылуына жұмсалған. Оның ішіне шипажайларға берілетін жолдамалар да кіреді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы былтыр әлеуметтік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстарға 686 574 мың теңге қаржы жұмсаған. Жоспардағы 674 977 мың теңгеден 11 597 мың теңгеге артық.  

– Ұжымдық шартта көрсетілгендей, қызметкерлердің әлеуметтік пакетін жақсартуға қатысты жоспарлы іс-шаралар аясында санаторлық-курорттық сауықтыру қағидаларына сәйкес, теміржолшылар бір жылда бір рет ем-шараларын алу үшін шипажайларға жеңілдікпен жолдама немесе 60 еселенген АЕК мөлшерінде материалдық көмек ала алады. 2026 жылға арнайы келісім жасалған отызға жуық сауықтыру орталығының тізімі бекітілген. Жолдама беру кезінде ішкі комиссия зиянды еңбек жағдайындағылар мен денсаулығына байланысты тіркеуде тұрғандарды, жұмысшының жалпы еңбек өтілін, жұмыста қол жеткізген табыстарын, марапаттарын ескереді. Биыл жыл басынан бері филиал бойынша Алматыдағы «Ақ Қайың», Сарыағаштағы «Ақ тілек», Тараздағы «Самал» шипажайларына жолдама алғандар бар, – дейді «Жамбыл» филиалының кадр бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева.

Маманның айтуынша,   теміржолшылар сауықтыру үшін берілетін көмекті тиісті еңбек демалысы кезінде пайдалана алады. Ал шипажайға жолдама ем-шара уақыты 12 күннен аспайтын мерзімге беріледі. Еңбек демалысын жаз айларына жоспарлайтындар көп. Аптап ыстықтан сая іздейтіндер табиғаты ерекше демалыс орындарына барғысы келетіні түсінікті. Сондықтан, жазда шипажайға жолдама алатындар қатары күрт артады.    

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды