Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты

Әлеумет
24.06.2026, 10:53
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылардың балалары үшін жазғы лагерь маусымы ресми түрде бастау алды. Аталған іс-шара әлеуметтік пакет шеңберінде және ұжымдық шартқа сәйкес жүзеге асырылуда.

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесі филиалы қызметкерлерінің балалары еліміздің ең көрікті өңірлерінің бірі – Бурабай курорттық аймағына, ондағы «Орман ертегісі» балалар сауықтыру лагеріне аттанды. Балақайларды Семей теміржол бекетінен шығарып салуға олардың ата-аналары да жиналған болатын. Астана шаһарына дейін апаратын «Нұрлы жол» – Семей пойызының 11-ші вагонының алдына жиналғандардың қарасы көп болды. Оларды бастап алып жүрген Семей ЖТ бөлімшесі филиалы кәсіподақ ұйымы төрайымы Айгүл Берікболова сапар барысын түсіндіріп, нұсқаулықпен таныстырды. 

     

Осылайша бір жарым тәулікке жетпейтін уақыт ішінде барша балақай діттеген жерге аман-есен, еш қиындықсыз жетіп үлгерді.

– Лагеріміз жасыл орманның ішінде, жанға жайлы жерде. Балалардың қауіпсіздігіне, теңгерімді тамақтануына және мазмұнды демалысына ерекше назар аударылып, олардың жайлы әрі толыққанды демалуына барлық жағдай жасалған. Уақытты мейлінше көңілді өткізіп жатыр, – дейді бұл ретте Айгүл Мырзағалиқызы.

Балақайлар денсаулықтарын шыңдап, уақытты мейлінше тиімді өткізуде. Айта кетерлігі, бұл биылғы лагерьге аттанып отырған алғашқы лек саналады. Алдағы тамыз айына дейін балалар мен жасөспірімдерден құралған тағы екі үлкен топ жетекшілерімен бірге еліміздің өзге өңірлеріне жол тартатын болады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды