"Тежегіш табан - қауіпсіздік шегі": Алтынкөлде кезекті тренинг өтті

Әлеумет
14.11.2018, 07:28
Оқуға 2 мин

Алтынкөл станциясында шекараға жақын станциялар теміржолшыларының білімі мен тапқырлығын тексерген «Тешегіш табан – қауіпсіздік шегі» тақырыбындағы жарыстық тренинг қызықты өтті, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі.   

Тренингке Алтынкөл стнциясының, «Кедентранссервис» АҚ кірме жолы мен құрғақ порты кірме жолдарының, Алтынкөл станциясының айналымдық локомотив депосының және «Евротранзит – КТС» ЖШС қызметкерлерінен құралған бес топ қатысты.

Алтынкөл станциясының бастығы Жандос Ұнтақбаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жалпы компанияның сапалы жұмысы әр қызметкердің өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігіне байланысты екенін және де олар жұмыс өндірісі барысында өз өмірлеріне де жауапты екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қозғалыс құрамдарының бүлінуі мен соқтығысуына әкелетін бұзушылықтар көбінесе станция жолдарында құрамдарды тежегіш табандарымен дұрыс бекітпеу салдарынан болады екен. Осыған орай, 22-31 қазан аралығында «Тешегіш табан» онкүндігі жарияланыпты. Бұл онкүндік мақсаты станция жұмыскерлеріне ереже бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу әрі тежегіш табандарын қолдану, сақтау және есепке алу тәртібін түсіндіру екен.

Тренинг шеңберінде 3 бөлімнен тұратын викторина сайысы болды. Бірінші «Сұрақ-жауап» бөлімінде барлық командалар жақсы көрсеткіштер көрсетті десе болады, екінші бөлім «Тешегіш табанының ақаулығын тап» деп аталды. Бұл жерде қатысушылар сурет бойынша тежегіш табанның ақаулығын табуы керек еді. Бұл тапсырманы Алтынкөл станциясы мен «Кедентранссервис» АҚ командаларының қатысушылары жақсы орындап шықты. Үшінші бөлім «Тежегіш табанның техникалық және пайдалану сипаттамасын ата» деп аталды. Бұл тапсырманы барлық команда шапшаң әрекет етіп, кәсіби білім деңгейін көрсетіп орындап шықты.

Станция бас инженері Мақсат Мамбетқұлов жарыс соңында қызметкерлердің өз білімдерін дәлелдейтін әрі біліктіліктерін арттыратын осындай тренингтер мен ойын түрінде өтетін сайыстардың теміржолдағы қауіпсіздік мәселелеріне көңіл аудартудың ұтымды жолы екенін атап өтті. «Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін көтеру – маңызды мәселе, бүгінгідей жарыстар теміржолшыларға жақсы көңіл-күймен қатар, білімдерін күшейтуге жақсы көмектеседі. Әрі командамен жұмыс істеуге үйретеді, – дейді Мақсат Мамбеткулов.

Елена ҚОЛДАСБАЕВА, Алтынкөл

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды