Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Дәрігерлер де атсалысты
Оқуға 1 мин
Республикалық «Мектепке жол» акциясына «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ филиалы Қызылорда темір жол ауруханасының ұжымы да өз үлестерін қосуды ұйғарыпты.
Қызылордалық дәрігерлердің балаларға арналған шарасына мекеме басшысы Сұлтанбек Айбасұлы Кенжебаев өзі бастап мұрындық болып, биыл мектеп қабырғасын аттайтын 11 бүлдіршінге оқу құрал-жабдықтары толтырылған сөмкелер мен мектеп формаларын табыстады.
–Бүгінгі қайырымдылық шарасын ұйымдастырған ұжымның кәсіподақ ұжымы мен дәрігерлер қауымы филиалдағы көпбалалы отбасынан шыққан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік әлсіз санаттағы кіші буынды медицина қызметкерлері мен техникалық перцоналдың балаларына таңдау жасалып, 11 бүлдіршіннің әрқайсысына 15 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мұндай көмек өткен жылы да жасалған еді. Биыл да жалғасын тауып, ата-аналардың алғысына бөленіп отырмыз, – дейді ұжымның кәсіподақ ұйымы төрайымы Әлия Балтабекқызы.