Семейліктер таза су тұтынуда
Әлеумет
06.09.2016, 17:53
Желі бойында теміржолшылар үшін іске асып жатқан игілік көп. Солардың қатарында, шалғай станциялар мен жол айрықтарын ауыз сумен қамтамасыз ету басты орында.
Бүгінгі таңда Семей жүк тасымалдау бөлімшесі филиалына қарасты шағын станцияларға «Теміржолсу-Аягөз» ЖШС мен «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС қызмет көрсетуде. Сушылардың еңбегінің жемісін ел көріп отыр. 2014 жылы Қапанбұлақ станциясындағы модуль күрделі жөндеуден өтіп, су желілері қайта жаңғыртылды. Барлығы жоспар бойынша бөлінген 47 172 мың теңге толық игеріліп, сумен қамту ісі қайта жанданды. 2012-2016 жылдарға арналған мемлекеттік «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында «Теміржолсу-Аягөз» мекемесі әсіресе тозығы жеткен су желілерін реконструкциядан өткізуге көңіл бөлді. 2012 жылы барлығы 2,583 км су құбыры жаңартылса, ағымдағы жылдың алты айындағы көрсеткіш бойынша оның көлемі 8,908 шақырымға жетті.
Сондай-ақ, осы жылдар аралығында 5 бірдей су айдауыш мұнара қалпына келтіріліпті. Оның ішінде «Ауыл» станциясындағы салынғанына ғасырдан асқан тарихи нысандар да бар. Жүзағаш бекетінде су беру нысандары күрделі жөндеуден өтсе, №9 разъезд, Таңсық, Балықтыкөл станцияларына су тұщытатын «Таза су» құрылғысы орнатылды. Аталмыш құрылғы орнатылған соң судың концентрациялық құрамына жасалған сараптама бірден оң нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Таңсық станциясы бойынша су құрамындағы сульфат 305-тен 70-ке, хлоридтер 350-ден 135-ке дейін азайған. Яғни, тек ауыз судың қолжетімділігі ғана емес, оның сапасының жақсаруы да осылайша шешім табуда.
Мұндай ілкімді шаралар «Теміржолсу-Павлодар» мекемесінің Семей учаскесі бойынша да сәтімен жүзеге асуда. Қазіргі күні Семей темір жолы бойынша ауыз су төңірегінде айтарлықтай проблема жоқ. Бөлімшеге қарасты сумен қамту нысандарында ауқымды жұмыс жүрген. Мысалы, Локоть-Семей телімі бойында орын тепкен Дүйсекен станциясында биыл бұрын-соңды болмаған күрделі жөндеу жүргізіліпті. Желі бойындағы сорғы станциялары мен ауыз су модульдері толықтай техникалық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бұл нысандардың көпшілігі тоқсаныншы жылдардың тоқырауында қараусыз қалған болатын. Кейіннен «Теміржолсу» АҚ балансына өтіп, сала қызметкерлерінің игілігіне жұмыс істеуге көшкен.
Сушылар ауыз су сапасын ұдайы қадағалауда ұстайды. Химиялық және бактерологиялық сараптама жұмыстары уақытында жүргізіледі. Қазіргі күні нысандарды күзгі тексеруге даярлау үстінде. Насостар клапандарынан бастап, скважиналар маңының санитарлық тазалығына дейін жіті тексеріледі екен. Егер, ауызсу санитарлық талапқа сай болмаса оны тұтынатын тұрғындардың денсаулығына қауіп төнбек.
– Рас, кейбір станциялар үшін ауыз су тасымалы да жүзеге асырылады. Дегенмен, бұл тараптағы мәселелер жыл өткен сайын біртіндеп шешімін табуда. Әсіресе, биылғы жыл «Теміржолсу» АҚ үшін жемісті болды. Семейлік теміржолшылар үшін таза ауыз сумен қамтамасыз етуде жетістік көп. Оған «Ауыл» станциясынан қайта ашылған су айдауыш мұнара мен «666 шақырым» елді мекеніндегі су құрылғыларының жаңаруын мысалға келтірсек жеткілікті, –дейді «Теміржолсу-Павлодар» мекемесінің Семей учаскесі бойынша бастығы Сырым Сағымбаев.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады