«Мектепке жол» акциясы: Арыс балаларына базарлық

Әлеумет
23.08.2019, 13:29
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Әне-міне дегенше тағы бір кезекті жаңа оқу жылы басталғалы отыр. Бүгінгі таңда әрбір атаананың ең үлкен жұмысы бала-шағасын алдағы жаңа оқу жылына дайындау екені анық. Бұл шарадан «Қазақстан темір жолы» сынды елдегі ірі жұмыс беруші компаниялар мен түрлі қоғамдық ұйымдар да тыс қалмай, жыл сайын «Мектепке жол» акциясына атсалысып келеді.

Күні кеше «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті, Шымкент ЖТ бөлімшесі және сала кәсіподағы Шымкент филиалының ұйымдастыруымен Арыс қаласындағы аз қамтылған теміржолшы отбасыларының балаларына арнап, «Балаларды мектепке жинайық» атты қайырымдылық акциясын өткізіп, барлығы 700 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берді.

Бәрімізге белгілі, 24 маусымда Арыс қаласында болған төтенше жағдайдың салдарынан үйлері қирап, материалдық қиындыққа тап болған теміржолшылар аз болған жоқ. Осыған орай, Арыста өтетін бұл Қайырымдылық шарасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова бастаған астаналықтардан бөлек, Шымкент ЖТ бөлімшесінің бас инженері Әбілқасым Айдаров, кәсіподақтың Шымкент филиалы төрайымы – орталық кеңес мүшесі Нағима Салықбаева арнайы келіпті.

Қайрымдылық шарасына жиналғандар алдында сөз алған Шымкент жол бөлімшесінің бас инженері ата-аналар мен балаларға жаңа оқу жылында табыс тілеп, теміржолшылардың оларды қандай қиын жағдайда да жалғыз қалдырмай, қолдан келген көмекті беруге дайын екенін жеткізді.

Ал ҚТЖ орталық аппаратынан келген бас менеджер Ақмарал Жарасқызы Арыс трагедиясы әрбір теміржолшының траге диясы болғанын жеткізді. Оның айтуынша, Арыс қаласындағы төтенше жағдай орын алғаннан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылары, теміржолдың 57 мыңға жуық жастары және кәсіподақ ұйымы бірігіп, екі айдың көлемінде бүлінбейтін азық-түлік, шаруашылық және кеңселік тауарларға қажетті қаржы жинағанын жеткізді. Сонымен қатар, Мәскеу қаласындағы Қазақстан, Белоруссия, Ресей мемлекеттері біріккен логистикалық альянс та Арыстағы жағдайға байланысты қаржылай көмектерін көрсеткен.

«Құрметті ата-аналар, балалар, Арыстың жағдайына байланысты жаңа оқу жылы қарсаңында 4 және одан да көп балалары бар теміржолшылардың отбасыларын жинап, тізімін жасап, «Балаларды мектепке жинайық» акциясын өткізгелі келіп отырмыз. Тізімге 162 отбасыдан 700-ге жуық бала ілінді. Сондай-ақ, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар мен үйлеріне жарылғыш заттар түсіп, қирап бүлініп, материалдық зардап шеккен үйлерді көріп шықпақпыз. Оларға азық-түлік пен шаруашылық заттарын апарып, мұң-мұқтаждарын елордадағы басшыларға жеткізуге арнайы келіп отырмыз», – деді А.Байғабылова өз сөзінде.  

Сонымен қатар, бұл ешқандай әлеуметтік немесе ұжымдық шарттағы компанияның міндеті емес, бұл – теміржолшы қызметкерлердің, оның ішінде жастардың өз еріктерімен жасалып жатқан акция екенін жеткізді. Компания басшыларынан бастап, теміржол қызметкерлері 150 миллион теңгедей қаржы жинап, Түркістан қаласындағы қорға аударған. Бұдан бөлек, теміржолшылардың балаларын жазғы демалыста лагерьлерге ақысының тиісті 10 пайызын да төлеткізбей жауып берген және 27 үйсіз қалған отбасын шипажайға емделуге жіберген. Бас менеджер, сонымен қатар, Түркістан қалалық қоры ұйымына аударылған 150 млн қаржының 70 миллионын компания тек қана теміржолшылар қажетіне жаратуға мүдделі болып отырғанын айтып қуантты.

Қайырымдылық шарасына қатысқан теміржолшылар астанадан келген арнайы топтың өкілдеріне өздеріне жарылыстан кейін қандай көмек қажеттігі туралы арыз-шағымдарын жеткізді. Оларға егер шағымданған азаматтардың құжаттары түгел болған жағдайда ғана арнайы комиссия қарап, келген өтініштерді кәсіподақ арқылы көмек беретіні айтылды.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты