Әлеуметтік көмек – әр теміржолшыға

Әлеумет
02.09.2019, 10:57
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан халқы Ата Заң аясында көптеген құқықтарға ие болса, соның бірі – мекемеден көрсетілетін әлеуметтік көмек. Ол көмек теміржолда жүйелі түрде жүргізіліп тұрады. Конституция күні қарсаңында Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Бержанов осы мәселелер төңірегінде әңгімелеп берді.

Еркебұлан Қанбайұлының айтуынша, бөлімшеде теміржолшыларға әлеуметтік көмек көрсету Ұжымдық келісімшарт талаптарына сәйкес толық көлемде орындалып отыр.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2018-2020 жылдардағы Ұжымдық келісімшартқа сәйкес «Атырау жүк тасымалы бөлімшесі» филиалында 2019 жылдың 7 айы көлемінде әлеуметтік қоржын бойынша қызметкерлерге барлық көмек түрлері қарастырылып, төленді. Соның ішінде 38 қызметкерге – 1 528550 теңге, 21 зейнеткерге – 524500 теңге көлемінде тіс емдеу-салдыруға және кезекті еңбек демалыс кезінде жүріп-тұруына байланысты темір жол билеті үшін 203 қызметкерге – 4 804 375 теңге, 62 зейнеткерге 1 456122 теңге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

– Ұжымдық келісімшартқа сәйкес ер адам – 60 жасқа, әйел адам – 55 жасқа толған мерейтойларына 1 360 645 теңге көлемінде біржолғы көтермелеу төленді. «Сәкен Сейфуллин», «Ақсу демі», «Сарыағаш», «Ақбұлақ», «Сосновый бор», «Мойылды», «Жаңа қорған», «Арай делюкс» сауықтыру шипажайларының жолдамаларын 102 қызметкер алды. Аталған мерзімде ардагер-зейнеткерлерге 3 389 415 теңге көлемінде әр түрлі материалдық көмек көрсетіліп, кәсіби мереке күніне орай 4 954 050 теңге әлеуметтік көмек төленді. Былтыр ата-әжелеріміз «Сарайшық» мемориалды кешеніне барды.

Сонымен қатар, жұмысшы-қызметкерлердің білімі мен білігін арттыру жұмыстары да талапқа сай. Биылғы жеті айда 31 қызметкер Нұр-Сұлтан, Алматы, Жамбыл және Ақтөбе қалаларында өз біліктілігін арттырып, оған мекеме қоржынынан 4 540 000 теңге төленді.

Теміржолшылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру – ҚТЖ үшін дәстүрге айналған шара. Биыл теміржолшылардың 150 баласы Ақтау қаласындағы «Балдәурен» лагерінде демалған. Ал «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы барлығы 86 балаға мектепке баратын сөмке оқу құрал-жабдықтарымен табыс етіліпті.

Жастар мүддесінің қорғалуына байланысты да атыраулықтардың айтары бар.

– Биылғы Жастар жылына орай жастарға қолдау ерекше. Биылғы жылдың өзінде бөлімше бойынша 21 қызметкеріміз отбасын құрып, оларға барлығы 869 513 теңге көлемінде материалдық көмек төленді. Сонымен қатар, нәрестелі болуына байланысты 127 ата-анаға 12 620 668 теңге бөлінді, – дейді Атырау ЖТ бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Еркебұлан Бержанов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды