Жаңа нысандар салына бермек

Әлеумет
27.09.2016, 18:58

Шалқар – Бейнеу темір жолы аралығында ондаған әлеуметтік және қызметтік нысандардың бой көтергені белгілі. Тек қана теміржолшылар үшін екі пәтерлі 16 үй салынып, қолданысқа берілген болатын. Шалқар, Байқадам, Шұқыр, Тассай станцияларында салынған барлығы 32 пәтерде негізінен, Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, магистральдық желі бөлімшесі, локомотив деполары, «Вагон-сервис», «Әскерилендірілген теміржол күзет қызметі», вагон деполары, тағы басқа темір жол мекемелерінің қызметкерлері тұрып жатыр. Құрылыс жұмыстары мұнымен шектелмек емес. Темір жол жұмысына қажетті әлі де ондаған нысан құрылысы жоспарда бар. – Жалпы, «Шалқар – Бейнеу темір жолы» жобасы аясында пайда болған барлық станцияларда орталықтандырылған электрмен жабдықтау бекеттері, жол дистанциялары мен жолаушылар платформаларында радиоэлектронды кедергі қондырғылары, әрбір елді мекенде екі-екіден 19 айрық бекетін салу көзделген болатын, – дейді жобаға жауапты мамандар. Бүгінде Тассай станциясында локомотив бригадалары тынығатын 20 орынға лайықталған демалыс үйі салынса, вагондарға техникалық қызмет көрсету бекеті мен вагондарды ағытып жөндеу қызметін көрсететін алаңдар пайда болған. Қызметтік ғимараттар бой көтеріп, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін КТСМ-дар орнатылған. Қазандықтар мен сорғылау қондырғылары, ауыз су резервуарлары тартылып, өрт сөндіру қызметінің тұрақты жұмыс істеуі оң жолға қойылған. Айта кетейік, Шалқар – Бейнеу темір жол желісі Ақтөбе облысының Шалқар және Байғанин аудандары арқылы өтеді. 471 шақырымға созылатын аталған жол аралығының 395 шақырымы облыс аумағында орналасқан. Шалқардан Бейнеуге темір жол тартылғаннан бері, Шалқар – Тассай телімінде 9 елді мекен пайда болды. Десе де, станциялар мен разъездерді дамыту жұмыстары әлі де жалғасын таба беретін болады. Жалпы, бұл темір жол жобасын жүзеге асыру 2012 жылғы маусым айында қолға алынған болатын. Содан 2014 жылғы тамызға дейінгі құрылыс кезеңінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ үлкен жұмыстар көлемін атқарды. 1200 шақырымнан астам жол төселіп, түйістірілді, қызметкерлер мен қызмет көрсететін жұмысшыларға тұрғын үй нысандары салынды, қажетті инфрақұрылым тұрғызылды. Жаңа темір жолдардың орналасуы батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай  жүк тасымалы қашықтығын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе

Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды