Түркістан облысына «Денсаулық» медициналық пойызы келді

Әлеумет
11.11.2019, 20:15
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан облысына «Денсаулық» медициналық пойызы келді. Қазақстанның шалғай жатқан теміржол станцияларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы жылдың 21 желтоқсанында аяқталады. 240 күн ішінде теміржол бойындағы елді мекендер тұрғындарына шамамен 230 млн теңгенің қызметі көрсетілуі жоспарланған.  

Медициналық пойызда көрсетілетін қызметтерді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ тарапы қаржыландырады. Дәстүрлі жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп жүзеге асыруда. Сегіз облысты аралап, 195 станцияға аялдауды, барлығы 40 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отырған жылжымалы емхана қызметін ел аймақтары халқы асыға күтуді дәстүрге айналдырған. Түркістан облысының халқы да жұмысын 5 қарашадан бастаған, ел аузында «қызыл пойыз» атанып кеткен денсаулық құрамын қуана қарсы алды.

Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған пойыздарда көрсетілетін медициналық көмек тізімінде: салалық мамандардың кеңесі (терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог, т.б.), түрлі зерттеулер мен диагностика түрлері (УДЗ, қан талдаулары, флюорография, т.б.), кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер және тағы басқалары бар.

«Биыл денсаулық саласы қызметкерлерімен бірге Медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері де жолға шығып, әр станцияға тоқтап, ондағы тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы жан-жақты мәлімет бе руі жоспарланған. Себебі, бұл – Қазақстандағы әрбір тұрғынға қатысы бар маңызды реформа. Сондықтан да Қор азаматтардың сақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап беретін нүктелер санын арттырып, консультацияларды жетілдіре түсуге ден қойып отыр», – дейді қордың өкілдері.

«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан өңірінде қарашаның соңына дейін болып, алдымен Отырар ауданы, Темір, Қарақоңыр, Талдықұдық станциясына, Арыс пен Шағыр станциясына аялдап, одан әрі Монтайтас, Шанақ, Шеңгелді Сарыағаш, Жылға, Дарбаза станцияларын аралайды. Ордабасы ауданы, Қалаш станциясында, Бадам мен Игілік станциясына, Сайрам ауданының Қызылсай, Ынтымақ станцияларына, Түлкібас ауданының Састөбе, Көктерек, Түлкібас станцияларында аялдап, медициналық қызмет көрсететін болады. 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді