«Менің Қазақстаным» пойызы жолға шықты

Әлеумет
13.12.2019, 10:39
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау темір жол вокзалында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 28 жыл толуына орай «Менің туым, менің Отаным» атты патриоттық акция бастау алды.

Акция негізінде вокзал перронынан «Менің Қазақстаным» атты ақпараттық үгіт-насихат пойызы аймақтағы станциялар мен ауылдарды аралауға жолға шықты. Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарын насихаттап, жергілікті халыққа мерекелік көңілкүй сыйлауды мақсат тұтқан пойыз аймақтарда бір апта көлемінде болады. Мемлекеттік Туды кеңінен насихаттап және қазақстандық жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруды мақсат еткен акция республикамызда 2019 жылдың 13 қазанында Алматы қаласындағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен басталған еді. Міне, сол игі акция өз жалғасын мұнайлы өңірде тауып, қасиетті туымызды қастерлеген шараның ашылу салтанатында сөз алғандар Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаның қасиеттілігін келешек ұрпақтың санасына сіңіру баршамыздың азаматтық парызымыз екендігін айтты. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев «Менің туым, менің Отаным» атты патриоттық акциясының эстафетасын «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Елеубай Сапаровқа табыстады. Көк байрағымызды желбірете қозғалған үгіт-насихат пойызы аймағымыздағы көптеген елді мекендерді бір апта бойы аралай жүріп шойын жол бойының тұрғындарына ақпараттық ағарту және медициналық-санитарлық сипаттағы қызмет ұсынып, жұмыстар жүргізіліп, спорттық шаралар мен концерттік бағдарламалар өткізеді деп күтілуде. Ақпараттық үгіт-насихат тобы 20 шақты маманнан құралған. Заңгерлер, дәрігерлер, спортшылар, саясаттанушылар мен мұғалімдер шалғайдағы разъезд, станцияларда халықпен кездесіп, олардың өтініш-тілегін тыңдап, заңдық кеңес беруді жөн санап отыр. Педиатр, кардиолог және эндокринолог, басқа да дәрігерлер қажет жағдайда медициналық көмек көрсетпек. Бастапқы күндері-ақ ақпараттық пойыз Исатай, Ганюшкино станциялары мен бірнеше разъезде болып, жергілікті халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап үлгерді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды