«Аймақтардың бет-бейнесі»: бас тақырып – тәуелсіздік

Әлеумет
12.12.2019, 23:15
Оқуға 4 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форум аясында жылда өтетін «Аймақтардың бет-бейнесі» байқауы биыл бірнеше патриоттық тақырып бойынша өтіп, қазақ хандығының құрылуынан бастап халқымыздың басынан өткен тарихи кезеңдердің бейнесюжеттік көрінісімен, драмалық қойылымдармен, әсерлі ән мен би, күй арқылы көрсетілумен ерекшеленді.

Бұл сайысқа әдеттегідей «ҚТЖ» ҰК» АҚ НR бизнес серіктесі Эльмира Сағатқызы, «ҚТЖЖүк тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әділжан Ізмұхамбетов, «Қазпрофтранс» ҚБ ұйымдастыру және халықаралық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры Нұрлан Нұрпейісов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Алма Сәулебаева қазылық етті. Олар сайыскерлердің бұл сайыстағы әртістік қабілеті, техникасы және образына назар аударды. Байқауға барлығы 13 команда қатысып, сахна төріне бірінші болып шыққан Маңғыстау командасы «Тәуелсіз Қазақстан. 28 жыл. Жетістіктер» деген тақырыпта өнер көрсетті. Жоңғар шапқыншылығы кезінен бастап, Ұлы Отан соғысы жылдарын және Желтоқсан оқиғасын бейнесюжетте де, сахнада да өздері ойнап, тақырыпқа сай костюмдер киіп, әсерлі музыка аясында суреттеген олар соңында тәуелсіздік алған еліміздің айбынын қазақ тарихындағы тұлғалардың портреттерін, туымызды көтеріп шығу арқылы әдемі де әсерлі жеткізді. Таза қазақ тілінде, басынан аяғына дейін бәрі үйлесім тапқан өнерпаздар өнеріне қазылар алқасының өзі орындарынан тұрып қол соқты. Екінші өнер көрсеткен Алматы мен Оралдың біріккен командасы «Бейбітшілік пен келісім отаны» тақырыбында көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен бірлікті ән және тілектерімен көрсетуге тырысты. «Сенімді серіктес» тақырыбымен шыққан Ақтөбе командасы әсем әннің ырғағында бірнеше ұлттың биін, өнерін көрсету арқылы қабілеттерін көрсетті. Көкшетау командасы біздің дәуірімізге дейінгі кезеңнен бастап, қазақ хандығы кезінде айтыс өнерін, 1980 жылғы билер және қазіргі Қазақстанды ән мен би арқылы сипаттауға тырысты. Павлодарлық жастар «Астананы бірге тұрғызамыз» айдарымен сахнаға бейнесюжетте қала тарихын мәлімдеу, қойылымдар көрсету және Қазақстандағы қалалардың ватсаптағы чатта әңгімелесуі бойынша комедиялық жанрда өнер көрсетуімен есте қалды. Ал Тараз жастары «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел» тақырыбымен қазақ халқының басынан өткен барлық тарихи кезеңдерді ән мен би арқылы көрсетті. Қостанайлықтар да тарихи ауыр кезеңдерді әсерлі көріністер арқылы көрерменге жеткізе алды. «Цифрлы Қазақстан» тақырыбын көтерген семейліктер жарқ-жұрқ еткен бейнефонда қара киімді адамдардың заманауи ерекше биі арқылы тақырыпты ашуға тырысты. Қарағанды мен Қызылорда командасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы спорттық жетістіктерін паш етті. Шымкент командасы «Жарқын болашаққа бірге» айдарымен Елбасының және өзге мемлекет басшыларының Шымкент туралы бейнежазба үзінділерін көрсету арқылы және өткір әзілдері мен көңілді әндерімен көрерменін тәнті етті. Соңғы өнер көрсеткен Нұр-Сұлтан командасы ежелгі дәуір адамдарының доңғалақ тауып, арба жасауынан бастап, сахна төрінде алғашқы шпалдардың қалай төселгені туралы заманауи көріністер арқылы, отшашуларымен есте қалды. Байқау қорытындысы желтоқсанның 13-і күнгі қорытынды марапаттау жиынында айтылмақ. Ал оған дейін қазылар алқасы әр команда туралы өз алған әсерлерімен бөлісті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Әділжан Ізмұхамбетов көрсеткен өнеріне қарай әр командаға ат бергенін айтты. – Өте керемет дайындықпен келген. Алған әсеріміз тамаша. Қаншама еңбек жатыр. Сондықтан әзірге мен ешкімді ренжітпес үшін бәріңізге бір-бір атау бердім. Атап айтқанда, Патриот Маңғыстау, Көп ұлтты Алматы мен Орал, Айрықша Астана, Биші Ақтөбе, Әзілқой Көкшетау, Іскер Павлодар, Сезімтал Тараз, Акробат Қостанай, Аренби Семей, Дауысты Өскемен, Қайратты Қарағанды, Чемпион Қызылорда, Романтик Шымкент, – деп әзілдеген ол жастарға көңілді күй сыйлады. Қазылар алқасының мүшесі Алма Тұрарқызы да жұмыстарының қауырттылығына қарамастан теміржол жастарының уақыт тауып, осындай үлкен байқауда кәнігі өнер адамдары секілді дайындықпен келуі үлкен ерлік, мықты жауапкершілік екенін жеткізді. Үш күндік шараның екінші күні «Инновациялық ойлау», «Тұлғалық тиімділік», «Келіссөз жүргізу өнері», «Көпшілік алдында сөйлеу машықтары», «Харизмалық шешен», «Тиімді коммуникациялар», «Кикілжіңдерді басқару», «Күйзеліске төзімділік», «Тұлғалық» деген тақырыптарда тренингтермен жалғасты. Ал кешке теміржолшылар арасынан «Жайдарманшы» өнерпаздар ойыны көпшілікті тағы да мәжіліс залға жинады. Барлық байқаулардың қорытындысы форумның соңғы күнінде шараның жабылуы және компаниядағы Тәуелсіздік мерекесіне арналған арнайы салтанатты жиында басқарма басшылығының қатысуымен шығарылып, жалпы өтіп бара жатқан жылға, Жастар жылына есеп берілді. Алдағы Еріктілер жылына жоспарлар мен міндеттер қойылды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды