Ойнаймын деп, от басты...
Маңғышлақ вокзалында күзет күшейтілген. Жүктерді қараусыз қалдырмау, иесіз заттарды ішкі істер органы өкілдеріне хабарлау туралы ҚР ІІМ-нің арнайы аудиожазбасы жолаушылар назарына жиі ұсынылуда. Оған себеп, биылғы жаз маусымында Ақтөбе, Алматы қалаларында болған терактпен жарыса, Маңғыстауда «Маңғышлақ вокзалында жарылғыш зат бар» деген белгісіз біреудің қоңырау шалуы еді. Жалған ақпаратшы табылып, жазасын өтейтін болды.
Бұл туралы желілік ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Жеңіс Әбілов Мұнайлы ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысында экстремистік ағымдардың жолын кесу, терроризмнің алдын алу бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстары туралы баяндамасында мәлімдеді.
–Аталған ақпаратқа қатысты жедел әрекет еткен топтың және вокзал аумағына қойылған бейнекамералардың арқасында хабардың жалған екендігі анықталды. Оны таратқан 1991 жылы туған азамат ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен негізсіз дерекпен елді дүрліктірген тұлға 3 жыл бас бостандығынан айырылды. Үкім 7 қазаннан бастап өз күшіне енеді, – деді ол.
Тәртіп сақшысының сөзіне қарағанда, бүгінде вокзал аумағында 20 бейнекамера жұмыс жасайды. Соның нәтижесінде тәртіп түзеліп, заң бұзушылықтар ізі суымай ашылуда. Жыл басынан бері 3 қылмыс дерегі осы бейнекамераға түскен көрініс негізінде әшкереленіпті. Соның бірі, ағымдағы жылдың шілде айының 9-ы күні жалған ақпаратпен жұртты әуреге түсірген телефон қоңырауы болатын. Жалған ақпар таратушы бұл әрекетін полицияның қимыл-қозғалысын байқамақ болғандығымен түсіндіріп отыр. Осы жағдайдан кейін ҰКҚ әскерилендірілген темір жол күзетінің ширақтығын шыңдау үшін темір жол вокзалында, Маңғыстау локомотив депосында, жолсеріктер үчаскесінде, жанармай беруші мекемеде арнайы оқу-жаттығуларын өткізген. Маңғыстау облыстық көліктегі ішкі істер департаментінің жедел өкілдері темір жол вокзалы мен Маңғыстау жол бөлімшесіндегі қызметкерлеріне семинар ұйымдастырған.
Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті