Көмек қолдарын созды

Әлеумет
20.01.2020, 07:18

Жақсылық жасау әркімнің-ақ қолынан келеді. Бірақ, өкінішке орай, кейде сараңдық танытып көбіміз біреуден бірауыз жылы сөзімізді, қажет кезінде болмашы бір көмегімізді аянып қалатын жағдайлар да кездеседі.

Осындайда мұқтаж жандарға мысқалдай болса да көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған Маңғыстау вагон пайдалану депосы ұжымының ісін неге үлгі етпеске?!

Депо ұжымы мен техникалық қызмет көрсету пунктінің жұмысшылары жылдың басын қайырымдылық шарамен бастағанды жөн көріпті. Олар өз қалталарынан ақша шығарып, станцияда тұратын әлеуметтік дағдайы төмен отбасылар мен жалғызбасты және көпбалалы аналарға азық-түлік жеткізіп берді.

Барлығы жеті жанұяға азық-түлікпен қолдау көрсеткен вагоншылар бұл істерін жарнамалаудан аулақ және мұндай игілікті шара депо басшылығының қолдауымен жыл сайын өтетіндіктен оны өздерінің міндеті, сауапты іс санайды. Биыл олар ең алдымен бірнеше баласымен контейнерді паналап жүрген кембағал жанұяға, тапқан айлығы шайлығына да жетпей өлместің күнін көріп жатқан отбасыға қаппен ұн, түрлі жармалар, сұйық майдан бастап, сүт тағамдары мен дәнді дақылдар, көкөністерге дейін апарып берді.

Ойда жоқта бейтаныс адамдардың көмек көрсетіп жатқанына риза болған аналар ВЧД басшылығы мен ұжымына жүрекжарды алғыстарын жеткізді.

Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті