Қарлы боранда қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Әлеумет
27.01.2020, 21:19
Оқуға 3 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорда үсті-үстіне төпеп жауған қар мен ұйытқыған бораннан қарға адым жер көрінбейтін ақтүтекке айналғалы бірнеше күн. Теміржолшылар үшін кезекті сынақтық емтихан. Ұлттық компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері төтенше жағдайға байланысты ерекше жұмыс тәртібіне көшті. Темір жолда тәулік бойына апаттық бригадалар кезекшілік етіп, күрделі ауа-райы жағдайына байланысты пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылданды. Магистральдық желі дирекциясы негізгі күшті жол ашу, қар тазалауға төкті.

Магистральдық желі дирекциясының мәліметінше, тек 22-23 қаңтардың өзінде ғана 8 мың км астам жол тазаланып, 34 мың куб метр қар шығарылған. Қар тазалау, қар жинау техникалары тәулік бойы жүмыс істеуде, әсіресе олар қар көп жауатын Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей, Ақтөбе темір жол бөлімшелеріне шоғырланған.

– Негізгі күш әрине, жол монтерлеріне түсіп отыр. Жігіттердің ерлікке пара-пар еңбегінің арқасында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан барлық пойыздар кестеге сай жүруде, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жол және имараттар департаментінің бас менеджері Дәурен Қабас.

Қармен күрес қарқынды жүргізіліп жатқан елорда іргесіндегі Қырқыншы станциясындағы жолаушылар вагондарын сумен, көмірмен жабдықтайтын, жөнелтуге дайындайтын жаңа техникалық паркке барып, жолшылар мен басқа да құрылымдық мекемелердің қызу жұмысына куә болдық. Жаңа вокзалдың салынуына байланысты ашылған жаңа паркте ақ түтек боранға қарамастан жолшылар рельс бойын арнайы техникамен де, күрекпен де тазалап жатыр екен.

– Артымызда, көріп тұрғандарыңдай, ПСС қар тазалау техникасы жұмыс істеп жатыр. Оның 3 вагоны бар. Әр вагонның сыйымдылығы 150 текше метр, бір шығарғанда 450 текше метр қар тасиды. Бір ауысымда 1500-2000 текше метр қар шығарады. Техникамыз да, адамдарымыз да мына төтенше жағдайға байланысты уақытпен санаспай күні-түні қармен күресуде. Басты міндет – пойыздарды тоқтатпай, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету, – дейді

Ірілендірілген Астана жол дистанциясы жол коллонасының бастығы Серік Жүсіпбеков. Ірілендірілген Астана жол дистанциясында осындай 4 техника болса, «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» станциясына 1 техника бекітілген екен. Бүгінгідей сын сағатта жұдырықтай жұмыла қимылдап жатқан теміржолшылардың ерен еңбегі арқасында теміржол қозғалысы тоқтамай жүріп тұр. Өйткені, табиғаттың тосын мінезіне орай ұшақтар ұшпай, барлық бағытқа автожолдар жабылып, автокөліктер қатынасы да тоқтаған бүгінгідей сын сағатта сынақтан сүрінбей өткен теміржолшылар ғана десек, артық айтпаймыз.

Еліміз бойынша жол және магистральдық желі бөлімшелері, станциялар, локомотив және вагон пайдалану деполарының жауапты қызметкерлері тәуліктік кезекшілікке шығып, теміржолшыларға қатты жел мен аяз кезінде еңбек қорғау және қауіпсіздік жөнінде жоспардан тыс нұсқаулықтар жүргізілді. Жол бөлімшелерінің диспетчерлік және кезекшілер аппараттарына кез келген жағдайға сақадай-сай дайын отырып, пойыз машинистері мен жол шаруашылығы және басқа да аралас қызметтер төтенше жағдай туралы ақпарат түскен сәтте дер кезінде тиісті шаралар қабылдау керектігі тапсырылды. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды