Сыр өңірінде серпін бар...
Санаулы айдан соң Қазақстан жұртшылығы Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы уақыттан бері темір жол саласында көптеген өзгерістер болып, тың жобалар жүзеге асты. «Ғасыр жобасы» атанған маңызды жоба, «Жезқазған – Бейнеу» жаңа темір жол желісі Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесін қиып өтеді. Бүгін атаулы мерекеге Сыр өңірінің теміржолшылары қандай нәтижелермен келіп отыр, қандай шаруалар тындырылуда, тағысын тағы мәселелер төңірегінде бөлімше директоры Аманкелді Арысбаевтан сұхбат алған едік.
- Аманкелді Қонысбайұлы, бұйыртса, екі айдан соң ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Ұлық мерекеге тарту-таралғы боларлық бөлімшеге қатысты соны жаңалықтармен бөліссеңіз...
- Тәуелсіздік таңының атуымен темір жол ақ жолағы мен қарасы аралас талай-талай тарғыл жолдардан өтті. Көзімді ашқаннан темір жолды көріп өскен теміржолшы әулетінің өкілі ретінде, 70 жылда болмаған тың жобалар соңғы жеті жылда қарқынды жүзеге асты десем, әсірелегенім емес. Мұны ел-жұрт, теміржолшылар бек жақсы біледі. Ал Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры ретінде соны жаңалықтар ретінде, Сыр өңірінен Астана, Семей, Жезқазған қалаларына қатынайтын жолаушылар пойыздарының ашылуын айтар едім. Жезқазған – Бейнеу магистралінің облыс аумағынан өтетін құрамдас бөлшегі Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімі тұрақты жұмыс орындарының ашылуы, осы телім бойындағы станция, бекеттердегі инфақұрылымдық нысандардың салынып қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет жасауы басты жаңалық. Ал жаңалықтарға жекелей тоқталар болсақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған – Сексеуіл – Бейнеу» жаңа теміржолымен Сыр елінен №617-618 «Қызылорда – Жезқазған» бағытында алғашқы жолаушылар пойызы қатынасы биылғы наурыз айында жүзеге асырылды. Енді осы уақытқа дейін бөкен жортып, бархан құмдарын жел суырған иен далада жаңа телімнің салынуымен тіршілік жанданды, тұрақты жұмыс орындары пайда болды. 2013 жылдың қазан айынан бастап Сыр бойындағы алғашқы астана мен Абай елінің арасын жалғайтын №20-21 «Қызылорда – Семей» бағытында қосымша жолаушылар пойызы жүре бастады. Аталған пойыз Қызылордадан Семейге дейінгі 2250 километрлік аралықты 41 сағат 14 минутта еңсеріп сапарға шыққан жолаушылардың сұранысын қанағаттандырып келеді. Өткен жылдың сәуір айында Қызылордадан Астанаға қатынайтын №89-90 «Сырдария» Тұлпар-Тальго пойызының жаңа рейсі аттанды. Ол жұртшылықтың сұранысына ие екенін айқындап берді. Жүк құрамаларының телімдерден кідіріссіз өтуі үшін бөлімшедегі бірнеше бекеттердегі станциялық жолдар ұзартылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен темір жол саласында бірнеше игі бастамалар қолға алынды. Соның бірі «100 вокзал» бағдарламасы. Сыр өңірінде аталған бағдарламамен вокзал салу жұмысы 2011 жылдың сәуір айында басталды. Қамыстыбас, Жалағаш станцияларында 1-типті, Аралқұм, Байқожа, Қорқыт, Бесарық пен Тереңөзек станцияларында 2-типті, Сапақ, Бекбаулы және Шорнақ станцияларына 3-типті жолаушыларға қызмет көрсететін ғимараттар салынды.
- Жезқазған – Бейнеу темір жол тармағында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Сексеуіл – Қоскөл телімі бар. Қазір осы телімнен тәулігіне бірнеше жұп жүк пойыздары өтеді. Осы тармақ бойында 4 станция, бірнеше бекет, бірнеше темір жол нысандары салынды. Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінің бірінші қосылу кезеңінде біршама әлеуметтік нысандармен қатар өндірістік ғимараттар бой көтерді. Оларды таратып айтар болсақ көпір, су өткізу құбырлары, жол өтпелері секілді 154 жасанды құрылыс нысандары мен Сексеуіл станциясында қос пәтерлі 8 үй, ал телім бойындағы Қарашеген, Абай, Промежуточный станциялары мен 15-бекетте бір-бірден екі пәтерлі тұрғын үйлер вахталық ауысыммен жұмыс жасайтын теміржолшылардың игілігіне берілді. Осы жобаның жүзеге асуының арқасында 450-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Және де Қарашеген мен Промежуточный станцияларында жол айналымының екі пайдалану пункті, Абай станциясы мен 15 бекетте екі зат қоймасы, станцияларда салынған заманауи үлгідегі 4 вокзал ғимараты жолаушыларға қызмет жасап тұр. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, телім бойына 11 жиынтық КТСМ-02, екі станция мен бес бекетке МПЦ Ebilock-950 құрылғылары орнатылды. Ток көздері жайлы тоқталатын болсақ, ПП10/04кВ жоба бойынша 4 станция мен №11 және 15-бекетке трансформаторлы қосалқы станциялар орнатылды, соның ішінде Сексеуіл станциясына 3 трансформатордың орнатылуы қазіргі таңда электр күшіне деген сұранысты қанағаттандырып отыр. Бұл айтып отырғанымыз, атқарылған шаруалардың бір бөлігі ғана. Тағы бір жаңалық, биыл Қазалы электрмен жабдықтау және Сексеуіл жол дистанциялары ашылды. Соның нәтіижесінде, көп адам жұмыспен қамтылып, телім бойында еңбек етуде.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Суретті түсірген Өмірбай Түменбай
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды