Еріктілер жылы 2020: қозғалыс басталды

Әлеумет
18.02.2020, 09:49
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Президент биылғы жылды Еріктілер жылы деп жариялағалы бұрыннан да қоғамдық жұмыстың көш басында жүретін теміржолшы жастар қанатын кеңге жая бастады.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты жастардан құралған еріктілер тобы өз жұмыстарын бірнеше бағытта қатар өрбітуге күш салуда. Мысалы, өткен жолы олардың бір тобы, Атырау ЖТ бөлімшесіне қарасты станциясының ұжымы қаладағы Сәбилер үйінде болып, «Саулық» бағыты арқылы медициналық волонтерлік дамытуға үлес қосып, науқас сәбилерге қамқорлық көрсеткен болатын.

Ал жуырда Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ПЧ, ШЧ, ВЧД, ЭЧ сынды құрылымдық мекеме қызметкерлерінен құрылған топ Еріктілер қызметінің «Қамқор» бағыты бойынша облыстық қарттар үйіне барып, ауланың тазалық жұмыстарын жүргізді. Яғни, ауланы қоқыстан тазартып, сыпырып, талдар түбін қопсытып, әктеді және темір қоршауды жаңадан қайта сырлап, қарттар үйінің шарбағын жаңа кейіпке енгізді.

«Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, барлық ұжымда да теміржолшылар еріктілер жылына өз үлесін қосуға дайын», – дейді Атырау ЖТ бөлімшесі кадр бөлімінің менеджері Еркебұлан Бержанов.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды